Бір ғаламат, жайлы әлем шуақты...

* * *

Бір ғаламат, жайлы әлем шуақты,
Салқын тоған су перісі сияқты.
Рождествоның түні аяз һәм ыстық,
Ыдыстарға күміс судай сыятын.

Күз аспаны алтын қорап тәрізді,
Кілті бар-ау, ашар біреу жаны ізгі.
Періштелер, жұлдыз, балық, төгілер,
Янтарь жүрек, алақанда бәрі ізгі.

Сол әлемнің бұзылмаған тынышы,
Ортаймасын, жоғалмасын ырысы.
Пайда болған тышқан үрей туғызар,
Тым биікте — жан тыныштық, дұрысы.

Жаратқанның ақ бұлттары қалқысын,
Тышқандарға көкте тор бар, бар қысым.
Жаңбыр жауар, төгіледі нұр көктен,
Бақшамызға жидек өсер алқызыл.