Жетімдік

Үй іші бос тұр. Жел ғана жүр қыдырып
Сарғайған суретте — үй иелері, шамасы; араларында — жүгірмек.
Жар артындағы есік секілді, тұрған тат басқан топсаға ілініп,
шәукілдек сықырлап, тұнжыраңқы күйінен түңілмек.
Айналамызда түгелдей кешегі күннің іздері —
қасықтар, табақтар.
Меніңше, олар кінәлайды-ау бізді, жүз құбылып жүздері,
тастанды ит пен мысықтай, алқымыңнан көзін өткізіп... алақтар.
Қарашаңырағынан адамдарды бездірген не сор, неткен ауқымды от?!
Жалған уәделері ме жалдаушылардың? Жобалар ма көп шатағы?..
Тым-тырыс. Тек қана шәукілдек
созып тұр сол мұңлы мақамын.