Қарашада өмір бар жалғасады...
* * *
Қарашада өмір бар жалғасады,
Біздің тоған қатпаған арнасы әлі.
Мен туралы айта ғой, келші бері,
Қорықпағын, басқалай бар ма сәні?
Жердің жүзін жапырақ жасырғандай,
Жасырғандай, су беті асыл қандай?
Тырмалаймын ауырлап кеткен бәрі,
Теріңіне сүңгітем, асыл бардай.
Алақанда бір уыс малта тастар,
Үш, төртеуі ілінген, жанталасқан.
Саусағымды тамшылар сүйіп, мөлдір
Суға тамар, мөлт етер еш таласпан.
Малтатастың үшеуі саған, жаным,
Төртіншісін өзіме қалдырайын.
Жоқ, тоқтай тұр, мұны да сен ала ғой,
Пайдасы мол, жойылар барлық уайым.
Бар қазына-байлықтың салмағындай,
Қауырсындай жеп-жеңіл кетесің-ау,
Тұғиыққа, тереңге жетесің-ау,
Қалай ғана қайғырып, ауырмайын...
Қарашада өмір бар жалғасады,
Біздің тоған қатпаған арнасы әлі.
Мен туралы айта ғой, келші бері,
Қорықпағын, басқалай бар ма сәні?
Жердің жүзін жапырақ жасырғандай,
Жасырғандай, су беті асыл қандай?
Тырмалаймын ауырлап кеткен бәрі,
Теріңіне сүңгітем, асыл бардай.
Алақанда бір уыс малта тастар,
Үш, төртеуі ілінген, жанталасқан.
Саусағымды тамшылар сүйіп, мөлдір
Суға тамар, мөлт етер еш таласпан.
Малтатастың үшеуі саған, жаным,
Төртіншісін өзіме қалдырайын.
Жоқ, тоқтай тұр, мұны да сен ала ғой,
Пайдасы мол, жойылар барлық уайым.
Бар қазына-байлықтың салмағындай,
Қауырсындай жеп-жеңіл кетесің-ау,
Тұғиыққа, тереңге жетесің-ау,
Қалай ғана қайғырып, ауырмайын...





