Ақымақтау үміттер бар тым тасбауыр, мейірімнен тыс тұрған...

* * *

Ақымақтау үміттер бар тым тасбауыр, мейірімнен тыс тұрған,
О, сезімнің патшалығы, ажырама адамилық ұстыннан!

Қуанарлық ештеңе жоқ, енді уақыттан артта қалма, озбашы,
Ашуыңды жұмсартады тек әйелдің ыза толы көз жасы.

Оның қайта тірілгені еш күдіксіз секілді, сендіреді бізді оңай,
Жел қайта үдеп, бұтақ тулар, бала шулар, төңіректі тыңдамай.

Әлгі әуеннің шашыранды көбігіне шаттана алмас толқып іш,
Тек көктемнің келбетінде бұл соншалық тудырмайды қорқыныш.