Өткен шақпен уламашы жанымды...

* * *

Өткен шақпен уламашы жанымды
Уақыт деген жоқ мүлде
Уақыт ол бір көжедегі салынды
Кіп-кішкене қара тұқым түрінде

Әжем қатал, алжапқышын шиырлап
Іш өсесің деп мен үшін асықты.
Жалғыз-жарым ішетінім қиын-ақ
Уысыма қыса бердім қасықты.

Қайта-қайта ішкім келмей көжесін
Көпсінемін, бітіре алмай ығыр боп
Көк желкемде тұрып алып әжешім
Тауыс тауыс тауыс дейді дігірлеп

Іш те оқы бой жетерсің, бұл да айқын
Құйтақандай бүлікшім
Бітірмесең орыныңнан тұрмайсың.
Ал мен сонда тұншықтым да құмықтым.

Көңіл сақтап еңкейемін ішпек боп,
Көрем солай шыпылдаған шындықты,
Көрем солай бетіндегі майы мен
Тереңінде тұнып жатқан сұмдықты.