Өрескел тілімен ит келіп...
* * *
Өрескел тілімен ит келіп
Пайдасыз қолдарды жалайды.
Сыбырлап, айғайға ах ұрып,
Жай ғана тоқылға қарайды.
Қарғайды жек көріп тағдырын,
Сенетін құстарды алдады.
Жаудырды аспан да жаңбырын,
Тимеген жерлері қалмады.
Кремль дуалын паналап,
Таверна есігін ашардай.
Кеңістік әлемді аралап,
Жер бетін лас суы басардай.
Ауа да мылқау боп ұялып,
Бір ғана шындықты бұза алып.
Алтынмен жалатқан байрақпен,
Ойнайды балалар қызарып.
Тұнжырап қарайды хаттарға,
Пошталық ескірген маркі де.
Бір солдат артымен құлайды,
Немістің қараусыз паркінде...
Өрескел тілімен ит келіп
Пайдасыз қолдарды жалайды.
Сыбырлап, айғайға ах ұрып,
Жай ғана тоқылға қарайды.
Қарғайды жек көріп тағдырын,
Сенетін құстарды алдады.
Жаудырды аспан да жаңбырын,
Тимеген жерлері қалмады.
Кремль дуалын паналап,
Таверна есігін ашардай.
Кеңістік әлемді аралап,
Жер бетін лас суы басардай.
Ауа да мылқау боп ұялып,
Бір ғана шындықты бұза алып.
Алтынмен жалатқан байрақпен,
Ойнайды балалар қызарып.
Тұнжырап қарайды хаттарға,
Пошталық ескірген маркі де.
Бір солдат артымен құлайды,
Немістің қараусыз паркінде...





