Есі ауысқан қарт қобызшы базарында Львовтың...

* * *

Есі ауысқан қарт қобызшы базарында Львовтың
қобызда ойнап, бір күлдірсе, бір жылатты бұл көпті.

Үнсіз әуен шығарар-ды ол көсеп, кейде кем шалып,
ысқанда елес ішектерді, бір ұланға зер салып.

Көпке мәлім миғұла еді, маңайына залалсыз:
жұрт жадында жоқ қобызы, ысқышынан хабарсыз.

Жақында қарт жоғалғанмен, қырық жыл сап араға
қолға тылсым аспапты алып, тағы ойнамақ балаға.

Ғажап түстен оралыпты ол жат әлемге жағымсыз,
онда орын жоқ сазға мүлдем, қобыз да енді қадірсіз.

Бұйым көрмес бұл әлемді: кетпес кері, өзгермес...
Сол иықтан сырғытып жүр әлденені көз көрмес.