Державин кітабын бір әжей оқып ап...
* * *
Державин кітабын бір әжей оқып ап,
Теңеді өз-өзін құрт пенен Құдайға.
Көңілдің ұясын қиялмен «тоқып» ап,
Көбелек боп ұшты көктегі жылы Айға.
Біз көрген бұл өмір — бұйым да емес шын,
Уақыттың желінен әжім көп түседі.
Мен дағы елеспін, сен дағы елессің,
Қарттықта ызғарсыз жан гүл үседі.
Бұл, сірә — бір қадам Құдайға жақындау,
Құрт болу арманы кесірін тигізген.
Әлгі әжей тағы бір ақ таңын атырды-ау,
Ей, өмір... Күйдірген, сағынтқан, сүйгізген!..
Державин кітабын бір әжей оқып ап,
Теңеді өз-өзін құрт пенен Құдайға.
Көңілдің ұясын қиялмен «тоқып» ап,
Көбелек боп ұшты көктегі жылы Айға.
Біз көрген бұл өмір — бұйым да емес шын,
Уақыттың желінен әжім көп түседі.
Мен дағы елеспін, сен дағы елессің,
Қарттықта ызғарсыз жан гүл үседі.
Бұл, сірә — бір қадам Құдайға жақындау,
Құрт болу арманы кесірін тигізген.
Әлгі әжей тағы бір ақ таңын атырды-ау,
Ей, өмір... Күйдірген, сағынтқан, сүйгізген!..




