Танкист, немесе «Ақ Жолбарыс»
(романнан үзінді)
Дәл бұрынғыдай, ол жайында жалғыз ғана білетіні — оның Курск доғасына ессіз қалпында келгені. Ол туралы мардымсыз мәліметтер ең сенімді көздерден — жөндеушілерден ГАЗ-АА жүргізушілеріне, олар арқылы алқап эвакогоспиталіне жеткен еді. Майор-хирург басқа мәліметтер болмаған соң, қосымша құжаттарға «белгісіз танкист» деп асығыс сүйкей салды.
Иван Иваныч қысқа салым толық айықты. Әйтсе де, өзі туралы әлі ештеңе айта алмайтын, қарапайым сөздердің өзіне тілі әрең келетін. Солай бола тұра, кез келген бұйрықты саналы түрде орындайды, өзінің жаңа атына да бойы үйреніп қалды. Ақыры, оны тексеруден өткізген соң, жарамды деп тапты. Туған жерлеріне жарымжандығы көзге ұрып тұрғандарды ғана жіберіп, басқаларын — жарақаттанғандарды, күйік шалғандарды, тіпті, есінен айырылғандарды да қайта рәсімдеуге жөнелтіп жатты. «Бақытты жандардың» соңынан әр қиырдан үнемі «сатып алушылар» келуші еді. Жолы болғандар гвардиялық реактивті миномет полкына түсті; «катюшалықтардың» арасында кісі өлімі өте аз болады деп есептелді. «Олжашылар» (трофейші) мен аэродромдарда қызмет көрсетудің бәсі биік. Жаяу әскер мен артиллеристерде жүк көлігіне бас сауғалай тұруға біршама мүмкіндік болды. Бірақ Иван Ивановичтің болашағы бұлыңғыр көрінді, темір табындардағы шығыннан тірі қалғандардың бәрін қайтадан механикаландырылған корпусқа жіберу туралы бұйрық шықты. Майор жазған қосымша жазба-үкім болмағанда, Иван Иванычты жүк көлігіне оп-оңай жаза салар еді. Бірақ тәуекелге бармаған жөн деп шешті. Бағалы кадрларды оңды-солды талапайға түсіріп, тылдағылардың қатарын толтыратындардың қатаң тексеруге ұшырайтыны комиссияға бұрыннан мәлім болатын. Госпитальде құжаттарға көп қарайлап отырмай, осы бір үрейлі адамға жаңа кітапша беріп, онда бадырайтып тұрып Иван Иванович Найдёнов деп жазып берді. Ұлтына қатысты да ойланып жатпады, айрықша белгілері жоқ, ендеше, орыс. Туған жері — госпитальдің мекен-жайы. Партиялылығы — еш партияда жоқ (Бұрын коммунист болса да одан қазір не қайыр). Мамандығы — танкист (Қайда жіберетіндерін артынан шеше жатар). Тек жас мөлшеріне келгенде мүдіріп қалды. Тым болмаса, долбарлап анықтауға тырысып еді (өзгелердің иығында жүріп оңып, әбден ағарып кеткен формадағы Иван Иваныч бұл кезде өзінің жаңа өмірін құрастырушылардың алдында қолын түсірген күйі қақшиып тұрған) тұтастай күйіп кеткен түріне қарап, қолдарын бір сілтеп, ғасырмен құрдас қыла салды.
Қолы бос дәрігерлер мен медбикелердің бәрі Найдёновты шығарып салуға шықты, оның жағдайы медицина ғылымы түсіндіре алмайтын теңдессіз жағдай-тын. Быт-шыты шыққан танктің ішінде бір апта бойы жатып, денесінің тоқсан пайызы күйіп қалған, тірі қалатынына ешкім сенбеген адам қазір о дүниеден қайтып оралғандай, аяғында кезекті бір өлім құшқан марқұмнан шешіп алғандай, бойына шақ келмейтін, қонышы ұзын етік, үстінде оқ аяусыз тескен шинель, басында аяздан қорғанып бауын иегіне байлап алған солдат бас киімі. Ол шығаберіс баспалдақтан түсіп келе жатты. Танкистің арқасында жолдорбасы, ішінде бір кесек сабын, бөлке нан, бір банкі америкалық консервіленген ет, мұның бәрі дәрігерлер берген жомарт сыйлық. Гимнастеркенің төс қалтасында енді оның кім екенін білдіретін солдат кітапшасы жатыр.
Оны жүк көлігі алып кетті.
Иван Иванычтың келуі қайта құрылған Челябинск бригадасына ұмытылмас әсер қалдырды. Жеке құрамды сапқа тұрғызғанда бригада командирі, өзінің де бет-жүзі күйік пен тыртықтан көрінбейтін, мәтел боп кеткен сөзіне қарай Ешкінің Сирағы атанып кеткен отыздағы ардагер бұрқылдамай қала алмады:
— Мынаның бет-аузының сау тамтығы жоқ қой, ешкінің сирағы!
Мұнан соң дөрекі командир жаңа келген солдатқа саптан шығуды бұйырды:
— Қайдан келдің?
Иван Иваныч «қайдан келгенін» өзі де білмейтін.
Рота басшысы подполковникке жаңылыса кідіріп түсіндірген болды.
— Сонымен кімсің, ешкінің сирағы!? Мұнарашы ма? Механик пе? — деп сұрақтың астына алды командир.
— Құжатта бәрі жазылып тұр — танкист, — деп лейтенант көңілсіз күңк етті.
— Онда — оқтаушы боласың!
Осы бір ерсі соғыстың іске асырылуының өзін мұнарашыларға тиесілі етеді, мұнда тек дойыр күш керек: өзің біліп, снаряд әпер де гильзаны люктен лақтыра бер. «Жарықшақты» мен «сауыт тескішті» кез келген ақымақ айыра алады. Өз көзінше-ақ, Бас сүйек деген лақап ат таңылған қатардағы Найдёновтан бұдан басқа ештеңе талап етілмейді. Оның тұлғасы өзі де асығыс жасақталған құрамда ешкімді қызықтырған жоқ (тек сырт кейпі ғана назар аударарлық еді). Қысқасы, танк экипажындағыдай күнделікті жұмыс басқа еш жерде жоқ-тын, аптасына үш-төрт рет нашар дайындық, сосын майдан, ал онда бірінші ұрыстан кейін «отызтөртінші», тұтас жанып, күлге айналып кетпегеніне шүкір. Қарғып шыққандарды қайта ұрысқа араластырып, іске қосатын.
Ессіз Иван Иваныч өзгелермен бірге үн-түнсіз пәлек көжесін ішіп, барактарда суықтан бүрсең қағып жатты (тақыр тақтайдың үстіне шинель жамылып жататын). Қалай болса да оның жуық арадағы тағдыры анықталды. Экипаж ала-құла: әлгі лейнетант жас баланы командир қойды, егде тартқан өзбек жүргізуші болды, еркінсіп, былапыт сөйлегіш бұрынғы мәскеулік қылмыс серкесі радиошы болуды өзі сұрап алды.
Бір ай өтпей-ақ, жедел (әрі уақытша) жинақталған төрттік топ соңғы Т-34-76* сериясы құрастырылатын Челябинск трактор зауытынан бір-ақ шықты. Цехта Найдёновтың хәліндегі адамның ауырсынбай, шыдап тұруы екіталай. Жасөспірімдер мен әйелдер үрейлі таңғалысын жасыра алмады. Өзбек пен қылмыс «серкесі» зауыт асханасының үстеме тамағын аңдып жүргенде, Иван Иваныч өзіне әуестік танытқандарға назар аудармай, танк бөлшектерін әкеліп беріп тұруға ниет білдірді. Бағыныштыларының арасында беделін сақтап қалуға барын салған лейтенант бала оның осы әрекетіне де риза еді. Мәскеулік ұры-радиошыны ашық тітіркендіріп, өзбекті шошытқан танк бәрінің көз алдында биіктей түсті: қорабы трансмиссиямен, домалатқышпен, шынжыр табанмен жинақталып, кезек қозғалтқышы мен ішкі күй талғамайтын бөліктеріне келді, мұнан соң мұнараны орнына түсірді.
Бәрі үрейлене күткен күн де келіп жетті: командир бәкі, сағат пен компас алды. Экипажға брезенттің үлкен кесегі берілді. Жаңа туған «отызтөртіншіні» цехтан зауыттың атшаптырым ауласына алып шығуға дайындап жатты, одан әрі жаңа лекті алып шықпақ.
Иван Иваныч бұл жерде де өзін жақсы қырынан көрсетті.
Кенет басында бір от жарқ етіп, байланыстар пайда болып, тұмшалаған ессіздікті сейілтіп жатқандай көрінді. Цехта танкті сынақтан өткізуден бұрын Иван Иваныч машинаның ішіне кіріп үлгеріпті, лейтенант ескі-құсқы бірдеңені алып беруін сұраған. Найдёновты бірнеше рет шақырғанда, шақша ішіндегі сайтандай механик люгінен оның басы мен кеудесі көрінді, өзі еліріп тұр екен. Экипаж бен жұмысшылар сескеніп қалды. Иван Иваныч қайта кіріп кетті. «Қорап» қараңғылығындағы қатерлі шам тәрізді көздері жанып тұр. Ешкім ештеңе айтып үлгерместен, танк жүріп кетті. Лейтенант мәскеулікпен, Қоқан тұрғынымен бірге бір жаққа, жөндеушілер екінші жаққа ыршып түсті. T-34 орнынан ырғып, қатар сап түзеген өзіндей бауырластарының арасымен тар қақпаға қарай заулай жөнелді. Есі кеткен Найдёнов жылдамдықты азайтқан жоқ, жолындағының бәрі оқыс оқиғаға дайын тұрғандай, тығылып үлгерді. Танк бар қуатына мінді. Артынан будақ-будақ бұлт қалдыра, катокты аяусыз гүрілдетіп, нағыз апатқа қайсарлықпен жақындай түскендей. Қатты шошынған командир — лейтенант та, көпшілік те іштен тынып, дүбірлі шу күтті. Дегенмен, жылдамдықты еш азайтпастан, «отызтөртінші» бар екпінімен Сцилла мен Харибдаға қарай өрекпи шапты, бұрылып, тағы отыз метрдей жүріп, машиналардың арасымен теңселіп барып, аяқ-қолы байлаулыдай аулаға кеп тұра қалды.
Шошынған командир жүгіре шықты. Өзбек пен бейпіл ауыз радиошы да қоса жүгірді. Әуестік танытқандар да аулаға ағылып келіп жатты. Иван Иваныч оларға қарама-қарсы шықты. Ол тісін ақситып, үрейлендіре күлді. Ол дірілдеп тұрды және оңайлықпен сабасына түсе қоймады. Оның есіне түсті, анығырақ айтқанда, қолы есіне түсірді.
Енді күдігі қалмады, осы күйген, ессіз кейпімен ауыр аяныш пен жанашырлық туғызған танкист өткен өмірде механик болған сияқты және бұл жай ғана емес, Құдайдың берген қабілеті сияқты!
Майданда тірі қалу мүмкіндігі барған сайые азая түскеніне қарамастан, сол арада өзбек мұнараға қуана шығып алды. Аңғарымпаз мәскеулік ұры — қазіргі радиошы кіммен достасу керек екенін бірден бағамдай қойды, Иван Иванычтың қолы босамай жатқанда оған шылым орап беріп, тұтатып, оны қорқынышты қап-қара арандай ауызға қыстырды. Оған қоса, марш кезінде ол әрдайым жылдамдық ауыстырғыш тетікті Бас сүйекпен бірге елпек қағып, іліп ала тартты, өйткені, осы Т-34-76 танкісінде, неге екенін, бүкіл жүргізушілер қарғайтын төрт жылдамдықты қолайсыз қорап** әлі де тұрған болатын.
Эшелонға тиер алдында бригада елу шақырым жүріп, полигонда біраз оқ атты. Қыс қаһарына мініп, отыз градустық аяз сықырлап тұрған, «қорап» саудырап қатып қалды. Бас сүйектің басқаруындағы танк бұрылыстарда аяусыз өкіріп, беткейге шығып, зеңбірегін көкке көтеріп, одан төменге сырғып келеді. Ішіндегілерді аяусыз теңселтті, өзбек күбірлеп, сыйынып отыр, едәуір соққыдан беті-басы ісініп кеткен командир бала тістеніп алып, мұнара-гайкасынан жолды үмітсіз бақылайды. Ештеңе көре алмаған радиошы тілін тістеп аламын демей, шеберлікпен боқтанады. Тек Иван Иваныч қана өкірген дауысқа ұқсас дыбыс шығарып, «отызтөртіншіні» тың үстімен, шоқалақ жолмен ызғытып келеді. Әйтеуір, бір жаққа асығып бара жатқандай, командир мен өзбекті былай қойғанда, «ұрының» өзін алаңдатып қойды. Қорқатындай да бар — аузы аңқайып кеткен, шыдамсызданып, дірілдеп, танкісін қуалай берді, қуалай берді, момын Бас сүйек осындай болып шықты. Люгі айқара ашық, арқа жағынан желдеткіш істеп тұр, оның суығынан жаны бардың бәрі серейіп қатып қалуға тиіс еді, бірақ азапты экипаждың ішінде ыстықтап отырған тек ессіз механик қана. Радио байланысы арқылы лейтенант тоқта деген бұйрық алды, бірақ лейтенант бала бұл бұйрықты Иван Иванычқа дауыстап жеткізе алмады. Колонна қалшиып қатып қалды, ал Найдёновтің танкісі саптан шығып, омбы қарға бата жаздап, қар тозаңын ары да бері лақтырып, алқап иіндерін сызғылауға кірісті.
Ақыры оған кесе-көлденеңдеп, бригада командирінің өзі жүгірді. Ешкінің сирағы қарға белуарынан батып жүріп, «отызтөртіншінің» дәл алдынан шықты. Иван Иваныч сабасына түсті. Мұнара люгінен көрінген жас командир жылап жіберуге шақ тұр еді, алайда, басшылық оның былдырына назар аударған да жоқ.
— Жүргізуші маған көлікке келсін! — деп айқайлады жас подполковник. — Кел мұнда, қаңқа! — деді Найдёновқа бұйырып. — Қане, көрсет өнеріңді, ешкінің сирағы!
Осылайша Иван Иваныч командир танкіне жайғасты, ал лейтенант, өзбек пен «ұрының» үлесіне бригада командирінің жүргізушісі тиді, ол да өздері секілді ажалға бас тіккен, тәжірибесіз бозбала еді. Бүкіл бригаданың көз алдында Иван Иваныч «отызтөртіншінің» зырылдауықтай айналып тұрмайтынын көрсетті. Машинадан жабыла шыққан экипаждар ауызын ашып қалды.
Бригада командирінің қызбаланғаны сондай, Иван Иванычтан әрмен айқайлады. Ол әдеттегідей аяғын асқан ептілікпен иық деңгейінде қойып, етігін сарт еткізіп, сәл кідіріп барып, тағы бір сарт еткізіп, ары қарай алға адымдай басты. Иван Иваныч мұны есінде сақтап қалыпты. Басқасының бәрін ұмытқан, бірақ осыны ғана біледі. Жаңа келгендерді тамсандырып, жыра мен мен төмпешігі бар, қаулап өскен тоғай ішінде, алқапта, командирдің машинасы нағыз цирк көрсетті.
— Қане, қане, таз сайтан! — деп, айқайлады қарлығып Ешкінің сирағы. Механиктің енді ешқайда кетпейтініне, бұл сұмдық Бас сүйек соңына дейін өзімен бірге болатынына, мұндай механикті өзінің енді ешкімге де ештеңеге де айырбастамайтынына күмән келтірген жоқ. Бұл жуық арада құтқаратын жалғыз мүмкіндік. Қалай, қайда бұрылуды, қалай маневр жасауды, қалай жылдам заулауды үнемі біліп отыратын жүргізуші дер кезінде ырғып шығуды да біледі деген сөз. Ұрыста, әсіресе, түкке тұрғысыз адам өмірі танкте бір-ақ сәтте жоқ болады.
— Дугада қалай ұрынып жүрсің? — деп, айқайлады механикке «отызтөртінші» келіп тоқтағанда командир. Жаңа командиріне қарап, тұрып қалған Иван Иваныч бастапқыда сұрақты түсінбей, тосылып қалды.
— Қалай өртеніп жүрсің, ешкіңнің сирағы? — деп сауалын төпелете түсті бригада командирі. — Бортты қойып үлгермедің бе?
Осы сәтте Иван Иванычтің есіне тағы түсті. Бұлыңғыр өткені бірер сәтке жарқ ете қалғандай.
— «Жолбарыс», — Бас сүйек аяқ асты жауап берді. — «Ақ Жолбарыс»!
Ол жеккөрініштен дірілдеп, көз алды тұманданып кетті.
42-нің қысына қарай немістер «отызтөртіншінің» құдіретіне қарсы қоятын техникасын алдыңғы шепке шығарды***, «Хеншель» фирмасының шаршы бронтозаврлары оқ өткізбейтін, бірақ зеңбіректері ерекше қалтыратты, бұл зеңбіректерден, тіпті, бір шақырымдық жердегі КВ да жанып кететін. Теңдессіз Цейс оптикасымен «сегіз-сегіз» кез келген нысананы жайпап өтетін. «Жолбарыстың» баяу жүрісі мен жерге қолайлы қысымын түсіру үшін аңғарымпаз неміс механиктері катоктарды екі қатарға орналастырған. Басқаруды жеңілдету үшін штурвалдарды қолданды. Саркофагтардың қақпағы секілді ауыр плиткаларда 76 мм снарядтар кептеліп тұрды. Жан-жағынан сауытпен қапталған осы бір «қоңыздар» Курск алқаптарымен баяу жылжып бара жатты, олардың оқыс әрі жаңғырыға шыққан әрбір оғы (оның дауысын ештеңемен шатастыру мүмкін емес) кезекті «отызтөртіншіні» о дүниеге жіберіп жатты. Олар тосқауылда аса мықты еді. Сабанмен, бұтамен жабылған циклоптар Т-34, «Грант» пен «Черчилльдердің» шабуылын тоқтататын, ал ауырсыну мен түтінге шыдамаған танкистер «қораптан» жанталаса шыққан кезде немістің сол көрнекті пулеметтері минутына мың екі жүз оқ ататын жылдамдықпен бастаған істерін аяқтап****, адам денесін быт-шыт қылып бөлшектеп тастайтын. Тіпті, өз бауырластарының ішінде де Елес ерекше машина болатын-ды. Ол өзін алғаш рет Мгла түбінде танытты; басқа ауыр машиналар батпаққа батып қалғанда, «Ақ Жолбарыс» ауада жүргендей, тұтас батальонды атқылап тастады. Бұрыннан білетіндер болмаса, алғашында оны ешкім ажырата алмады, өйткені, қыста танкілердің бәрі аппақ болатын, ол бірінші атқаннан-ақ, сөзсіз, өртейтін. Көктемге қарай вермахт камуфляжға көшкенде, монстр айқын ерекшеленеді, содан бері бірде Солтүстікте, бірде Оңтүстікте, сайран салды; соңынан будақ-будақ бұлт пен өртенген көліктің мүңкіген иісі қалатын. Елес тосқауылдан ұрып, аяқ асты орыс тылынан шыға келіп, он, кей-кейде, тіпті, он бес Т-34-ті қиратып, өзі зым-зия болып кететін.
43-тің жазында ақ ажал Курск түбінде атақты Прохоровка ауданында төбе көрсетті. Аэробарлау ол туралы Катуков пен Ротмистровқа***** ескертті. Сол сәтте-ақ, шабуылдаушыларды жөнелтті, әрекет әдеттегідей сәтсіз аяқталды. Жүздеген машина қатысқан ұрыста Ұшқыш голландиялық мұнда да өзінің ақ түсімен көзге түсті, осы жолы да тевтондық рыцарь секілді сауыты жылтырап, алдыңғы шепте жүрді. «Отызтөртіншілердің» бойын ыза кернеп, «Жолбарысқа» пайдасыз оқ шығындап атып жатты. Басқаларға танымал әрі тажал болған «Жолбарыс» пен «Пантера» танкілерінің мұнарасына САУ-152 күні бойы бірде бір снарядын тигізе алмады******. Жан-жақтан анталағандарды отпен қуып, өзі бортына оншақты «кіші калибрлі» және «сауыт бұзар» снарядты қабылдаған «Ақ жолбарыс» кіршіксіз қалпында қалды, — ақыр соңында ұлы шайқаста түтін мен оттың ішінде түбегейлі жоғалды.
* «Отызтөртінші» — бұл ерекше танк, оған егжей-тегжейлі тоқталудың қажеті жоқ Бұран- дадан бастап, құралған машина жайлы жарияланымдарға сілтеме жасасақ, соның өзі оқырманға жетіп жатыр Атап өтсек: соғыс аяқталғанға дейін танк керемет жаңғыртылды (негізінен өзіне ғана тән сыртқы кейпін сақтап қалды) Әрине, қырық бірінші жылғы «Т-34» соғысты тәмамдаған «Т-34-85»-пен салыстыруға да келмейді 41—42-ші жылдары іс жүзінде неміс танктерінің оғын өткізбейтін, танк снарядтарына қарсы сауыттары, борт- ты ғана емес, әлсіз Pz T-II, Pz T-III, Pz T-VI-дің бүйірі мен маңдайын да тас-талқан ететін қару-жарағы, сол сияқты орыс танктерімен 1000 метр қашықтықтан соғысуға жарам- сыз чехтардың «олжалаған» Pz 35(t) пен Pz 38(t) болғанына қарамастан, «отызтөрттің» қозғалтқышы толыққанды жасалмаған, жиі істен шығатын Оның есесіне, неміс ма- шиналарының моторы әбден мақтауға тұрарлық — олардың төзімділінің арқасын- да немістер Мәскеу түбіне дейін жетті Соғыстың соңына қарай жағдай мүлде өзгерді — мықты сауытталған неміс танкілерінің («пантералар» мен «жолбарыстар») қозғалтқыш- тары жиі сыр бере бастады Бірақ олардың снарядтары «отызтөртіншіні» бір жарым, тіпті екі шақырым қашықтықтан тесіп өтетін Дегенмен, советтік орташа танкінің 85- мм жаңа зеңбірегі немістің мақтаулы «8-8»-інен кем болған жоқ, ал жетілдірілген «В-2» қозғалтқышының арқасында жау тылын бес жүз шақырымнан атқылайтын мүмкіндік туды Артиллерияға келсек, соғыс бойы конструкторлар «Т-34» танкісін қару-жарақ пай- далануды күшейту үшін неғұрлым мықты, жарамды ете түсу талпыныстарын тоқтатқан жоқ 1944 жылға дейін танк 76 мм зеңбіректен қаруландырылды Сөйтіп, танк жасау за- уыттарында «Т-34-76» сериясы жинақтала бастады Бірақ 42 жылдан бастап немістер есеңгіреген күйден айыққаннан кейін («отызтөртіншімен бетпе-бет келген алғашқы ке- зеңде неміс танкистерінің шошынғаны соншалық, олар германиялық өнеркәсіпте дәл соның көшірмесін шығаруды талап етті) танктік және танкіге қарсы лайықты үлгілер жасағандықтан, оның «жолбарыстар» мен «пантераларды» ғана емес, германиялық жаңғыртылған «үштік» пен «төрттік» үшін де тесіп өту қабілетінің жеткіліксіздігі айқын байқалды «Мысықтармен» лайықты күресуге қауқарлы 85 мм зеңбірекке тоқталды 44- тің қысында «Т-34-85» сериясы шыға бастады, бұл соғыстың соңына дейін біздің басты танкіміз болды «Т-34-76» кемшіліктері көп еді: мұнарасы өте тарлық етті, оған экипа- ждың екі адамы әрең сиятын (америкалықтар етегі шолақ тон мен мақталы кеудеше ки- ген орыс танкистерінің қыста ол жерге қалай сиятынына миы жетпейтін) Мұнараға тағы бір адамды отырғызу мүмкін емес болғандықтан, командир өзінің тікелей міндеттеріне қоса, нысанашының да қызметін қоса атқаруға мәжбүр болды, бұл басқарудың да, атудың да тиімділігіне теріс әсерін тигізді (немістерде экипажда бес адам болды, танк мұнара- сында командир, нысанашы, оқтаушы әрекет жасайтын) Сонымен бірге танктен айна- ланы шолудың айрықша нашарлығынан жағдайды бағамдап, дер кезінде әрекет ету мүмкін болмады Мәселен, механик-жүргізушіге люкті үнемі ашып ұстауға тура келді Атқыш-радиошы өз орнынан ештеңе де көре алмады, ұрыс кезінде соқыр тәуекелмен ата берді Алғашқы рациялар түкке тұрғысыз болды, тек «радио» танкілерде тұрды Сұйық отын багінің ұрыс маңында орналасуы қолайсыздық туғызды: әдетте жалындап жанып, экипажға ешқандай мүмкіндік қалдырмайтын Осы кемшіліктердің бәрі соғыс кезінде түзетілді (бірақ отын багы бұрынғы орнында қалды) Мысалы, жаңа мұнаралы «Т-34-85» экипажы «толыққанды» саналып, бес адамға лайықталды Бірақ кейде танкистер атқыш- радиошыдан бас тартып, төртеу боп соғысатын (үш мұнарашы мен жүргізуші-механик).
** Алғашқы «Т-34»-тің ең үлкен кемшілігінің бірі осал төрт жылдамдықты қорабы бола- тын Тісшелері ауыстырғанда жиі үгітіліп кететін, қорап картері жыртылып кететіні де байқалған Берілісті ауыстыру үшін атқыш-радиошыға тетікті ұстап алып, жүргізуші механикпен бірге тартуға тура келетін Өйткені, механиктің бір өзінің оған күші жет- пейтін Сондықтан, жаңа танкіге өте жақсы машықтанған жүргізуші қажет еді (ал он- дайлар өте қат болатын) Тәжірибесіз механик бірінші берілістің орнына төртіншісін са- лып қойып (ол да артта тұрады), сындырып алуы мүмкін Атақты 183-зауытта тұрақты ал- ты бекіткішті бес жылдамдықты қорап дайындап шығарғанда ғана бұл жағдай түбегейлі өзгерді.
*** «Жолбарыс» әлемдегі ең ауыр, ең қарулы, 1944 жылға дейін іс жүзінде кемшіліксіз, біздің қанымызды көп бұзған неміс танкісі болды Оның салмағы 60 тонна шамасын- да еді Алып машина өз ауырлығынан өзі жайрап қалмауы үшін катоктары шахмат реті бойынша орналастырылды Pz T-VI — иінтіректің орнына штурвал қойылған алғашқы танк, осылайша алып көлікті басқару оңайлатылды Бүйіріндегі сауыты 100 миллиметр, біздің танкистер үшін іс жүзінде оқ дарытпайтын болатын Бортпен де біраз әуреленуге тура келді Бес жүз метрге дейінгі қашықтыққа жақындау керек болды (ал соғыс кезінде одан да жақын), алайда Pz T-VI-дің өзіне жақындатуы өте сирек Оның 88-мм танк қару- жарағы сол кездегі қолданыстағылардың ең қаһарлысы әрі үздігі болған шығар Өзінің танымал сапалы оптикасына, сол сияқты экипаждың дәстүрлі, жақсы машығына кел- сек (бұл жағынан біз ұзақ уақыт үмітсіз артта қалдық), онда бір өкінішті жайтты айтуға тура келеді — мұндай жыртқышпен айқасу біздің жігіттерге төтенше ауыр тиді Танки- стер осы бір қарғыс атқыр машинамен бетпе-бет келгенде өздерін тура мағынасында жа- лаңаш сезінді Мәселен, 43-ші жылы олар «Жолбарысты» жақын қашықтықтан өздерінің 76 мм зеңбірегімен (сол баяғы 500—300 метрден), соның өзінде, тек кіші калибрлі жаңа снарядпен таңғалдыра алар еді (ал оларды атыс жиынтығына үш данадан қолхатпен ғана беретін) Оның қиындығы сол, тіпті барлық оңтайлы сәттерде де оны тұтас зақым- дау мүмкін болмады, тек жекелеген жерлеріне ғана зиян тиді Бортты тірек катоктары- ның арасынан (оның артында «Жолбарыстың» қару сақтайтын жері орналасқан), неме- се мұнараның түбінен, (ол кезде оны сыналайтын), немесе зеңбіректің діңінен, йа, артқы бөлігінен (онда бензобактар орналасты) «кіші калибрмен» атуға машықтану керек болды Тіпті, болмаса, қосымша дөңгелектен, негізгі дөңгелектен, тірек-катоктан немесе шын- жыр табаннан соғатын Басқа бөліктерінен снарядтар серпіліп, дарымайтын Тіпті «Жол- барыстар» бір мысқал сескенбестен, «Т-34»-ке қарсы жүруге дейін барды Мысал үшін, танкист Н Я Железнов естелігінде былай дейді: « олар („Жолбарыстар“ — автордың ес- кертпесі) ашық алаңқайда тұр Бірақ маңайлай алмайсың! Ол сені 1200—1500 метр жер- ден өртеп жібереді! Олар соншалықты озбыр болды! Біз қоян сияқты «жолбарыстардан» қаштық, сытылып шығып, бортына атқылаудың мүмкіндіктерін іздедік Ауыр болды Егер 800—1000 метр қашықтықта «Жолбарыс» тұрғанын көрсең, ол сені көздей баста- са, ұңғысын көлбей ұстап үлгергенше, танкіде отыра тұруыңа болады, ал тіктей бастаған- да секіріп кеткенің дұрыс! Өртенесің!» «Отызтөртте» 85-мм қару пайда болғанда жағдай түзелді, тіпті, бірге-бір шығуға да болатын Дегенмен, соғыстың соңына дейін атышулы Pz T-VI біз үшін ең жағымсыз жау болып қала берді.
****«МГ-42» — сұмдық қару Біздің солдаттар оларды «гитлердің шалғысы» деп атайтын Мұндай пулеметтің оғы сүйегіңе тисе, оны денеңнен жұлып алып шығатын.
***** М. Е. Катуков — аса көрнекті советтік танк командирлерінің бірі Құрамында «Т-34» бар оның бригадасы 41-ші жылы Тула түбінде Гудерианның танк колоннасын толық талқан- дады (дәл сол кезде панцерваффе бөлімі «Т-34»-тің тіс батпайтындай көрінген қалпынан жаппай сескене бастаған) Курск шайқасы кезінде генерал 1-Танк армиясын басқарды Оның машиналарының неміс флангілеріне жасаған шешуші қарымта шабуылдары Ман- штейнді белгілі Прохоров шайқасынан кейін шегінуге мәжбүрледі Жалпы, соғыстың соңына қарай, 6-шы гвардиялық танк армиясы құрылды: 1 Т.А.— М.Е. Катуков, 2 Т.А. —А.И. Радзиевский, 3. Т.А.— П.С. Рыбалко, 4 Т.А. — Д.Д. Лелюшенко, 5 Т.А. — И.Т. Шлемин, 6 Т.А.— А.Г. Кравченко
****** «Жолбарыс», «Пантера» мен «Фердинандтардың» өзімен бірден-бір теңдес жауы 1943 жы- лы әлемдегі ең қуатты біздің САУ-152 (қару 152 мм) болды Ол мықтап атқанда (әрине, оңтайлы қашықтықтан) кез келген неміс танкісінің шынжыр табанын ғана қалдыруға қауқарлы еді Оған затына сай, «Зверобой» деген атау берді.



