Имену
Жеті рет тұрып сот алдында мен, лагерьлерді өттім сан түрлі.
Қатар жататын көрші өліп қалса, асықпайды онда айтуға
қызыл жағалы басшыларға аса, тіріше тіркеп марқұмды,
басы артық нанды оңай олжалап, бұйырса, жырғап қайтуға.
Ұйықтап ем талай өлік қасында, түгендеп бәрін бастардың,
мүңкіген иістен томарды* тауып, санақшы безбей бақырып.
Айрықша қатаң қадағалайтын қамақтардан да қашқанмын,
тәуекел еттім, тыйым салынған жолақта кетпей атылып.
Тұнжырап бірге вагонзактарда** кесілгендермен өлімге,
үкімді орындар жерге жеткенше бір болдық жазмыш жолында.
Құжырам болған жекеқамақ пен карцерлер*** қалған көңілде...
Соры қайнаған соңғы соқырша**** умаждап тұрдым қолымда
жыр дәптерлерін, қобалжып қатты сыртқы есігінің алдында
дүр басылымның «Жаңа әлем» атты, именіп сонша...
қалдым ба?!
____________________
* Томар — мүрде.
** Вагонзактар — сотталғандарға арналған вагондар.
*** Жекеқамақ пен карцерлер — айыпты болған сотталғандар жазасын өтейтін орын.
**** Соқыр — қылмыс әлеміне кездейсоқ келген адам (фраер).