Түстің жалғасы

есте сақтау мүмкін емес бірақ та
құрығанда үзінді-құрақта
жадыңда қалар жалғасы
түстің
неге екенін қайдам әйтеуір белгісіз мекен
секілді жүргендей жасаулы бөлмеде бөтен
қолдорба-қапшықтар үйіліп қалғасын
төңкеріп асты мен үстін
таныс тұлғалардың да бірқатары бар
анық ажыратпадым тыңда тағы да ал
еркек пе еді әлде әлгіні ұқсаттым ба ұрғашыға
ғафу өтінем өзі ме йа тұлғасының сұлбасы ма
бейне бір өзіңіздің қайда келгеніңіз де белгісіз
кейде оның қайдан келгенін айтса да адам сенгісіз
әйтеуір қым-қуыт әрі құпиялы һәм айтары аян емес
баян — елес
шақпақтың шырт еткені мен шылым шоғының іздері
айна қатесіз айналған кері амал-әрекеттердің тізбегі
жобасы мәлім сауалдың жауабын сайлап өтімді
дәнекер болған мұрын мен маңдайға сіздегі
қасып қоясыз кеңсірік атты көпірді
хабар-ошарды түгел алып болғанда
тіпті еш сөздің жоғы анық болғанда
жарым сөз жылт (ыр) ишара қалды
жұтаған жансарай бейшара бар-ды
түстің жалғасы
шексіздіктің бүркеме қыстырған басы