Гюстав Курбенің «Таудағы үй» картинасын ескеалғанда
* * *
Гюстав Курбенің «Таудағы үй» картинасын
ескеалғанда
Ерке бұлттар
сәнге бөлеп көгіңді,
Тып-тыныш жер
жайландырар көңілді.
Курбе деген
суретшінің үйінде
Сүргің келер
енді қалған өмірді.
Тау дегенің
бойыңа рух береді,
Жел еркелеп,
қойыныңа енеді.
«Таудың іші
қараңғы» деп сыбырлап,
Қараңғыға
сіңіп кеткім келеді.
Не жетеді
таудағы үй — тұраққа?
Шәйнек үні
құлақта тұр, бірақ та...
Суретшідей
ұйықтап жатсам, шіркін-ай,
Бұл қарбалас
дүниеден жырақта!
Гюстав Курбенің «Таудағы үй» картинасын
ескеалғанда
Ерке бұлттар
сәнге бөлеп көгіңді,
Тып-тыныш жер
жайландырар көңілді.
Курбе деген
суретшінің үйінде
Сүргің келер
енді қалған өмірді.
Тау дегенің
бойыңа рух береді,
Жел еркелеп,
қойыныңа енеді.
«Таудың іші
қараңғы» деп сыбырлап,
Қараңғыға
сіңіп кеткім келеді.
Не жетеді
таудағы үй — тұраққа?
Шәйнек үні
құлақта тұр, бірақ та...
Суретшідей
ұйықтап жатсам, шіркін-ай,
Бұл қарбалас
дүниеден жырақта!





