Сібірдегі бақсылық ғұрыптарының қайта жаңғыруы

Сібір бақсысы —
     әуелі шеңберін құрып алады.
Содан кейін бұғының терісіне шашылып
     орыстың арағы,
сол теріден жасалған аспаппен дабыл қағады.
Өйткені, адамдар Тәңірдің бұйрығымен
     ормандағы ағаштарды шабады,
          құрбандыққа шалады.

Сібір бақсысы —
      орыстың бүркіп арағын,
қырылдатып тамағын,
күңірентіп әнмен даланы,
ашуға булығып өлген бұғының рухын шулатып,
тағы да зікір салады.
Ажалдың желі соғады,
бубен аспабының үнінен
     ақыры байыз табады...