Боқтампаз әйел, кеш туған, кавказдықпен бас құрған...

* * *

Боқтампаз әйел, кеш туған, кавказдықпен бас құрған.
Күн дидарлы балапаны болды қолды-аяққа тұрмайтын.
Расында кім еді ол әйел,
Ол жағы кімге күңгірт, кімге айқын.

Ол чернобыльдықтың жесірі еді, улы бұта секілді қарайған,
Екі рет түсік тастады. Ақыры бір бала сүйіп көңілі тоғайған.

Бұл күйеуіне ешқайдан шақырту қағазы келмейді,
реактор астына тастамайды енді ешкім,
жұмыстан аман-сау келген соң ұлымен нард ойнау мәніндей әр кештің:
«Есеңді жібермей, қайтара білуді жастай ұқ!»
«Сонымен кім еді?» десеңдер,
«Жылайтын мен емес», — дейді ол да қасқайып.

Жыламайды ол, бәрі де қалыпты, тәртіп те, тағам да,
Ду-қызық іздеудің қажеті шамалы оған да.
Бабасының мекені Мәскеу де күш берді.
Әлі де ашылмай қалған бір бақ бардай
Осы бір қарайған ошағын құт көрді.

Жымиған жүзімен жасырып емдемек қабынған, базданған көздерін.
Кемпірлер еске алып чернобыльдықтың азапқа төзгенін:

— Құдай-ау, несі бар ұрынып тауға да, тасқа да?
Құтылып кетуі керек еді қашса да?
— Құдай біліп пе? — дейді ол да сауалға шыдамай,
Шыдамай сол елін боқтайды анадай-мынадай.
«Аттанбай, қалып қал деп едім қалайда. —
Ашуға булығып: — Қырсық ол, сөзіме қарай ма?!
Ақыры кеткенде айтқаны:
«Отанның алдында борышым, борыштан қашқаным жарай ма?!».