Тұрсыншы бәрі де өзінің қалпымен...
* * *
Тұрсыншы бәрі де өзінің қалпымен,
Қозғама, өтінем, сен мүлде қозғама.
Бұрынғы жолымен, байырғы салтымен,
Боз ала бұлт келіп, боздасын боз дала.
Шынайы болсыншы осылай әрқашан,
Шындықтан асатын сұлулық жоқ қазір.
Өзегі — киелі, бағалы байқасаң,
Өзекке қонуға қашанда бақ та әзір...
Көңілді демейді осы бір шын дауа,
Кімдерді елейді әйтпесе Құдайым?..
Құндырақ ешкімге айтпаған сыр ғана,
Түн сайын тербеткен жүрегі жылы ойын.
Ендігі ешкім де айтпасын ар жайлы,
Ендігі күндердің заңдары өзгерек.
Кім енді, білмеймін, шындықты таңдайды,
Әлемді тоқтатар әуелгі сөз керек.
Мен сені сүйемін, қолдаймын, қараша!..
Көмескі тартсын деп жасанды «қазаным».
Табиғи қалыпқа кім тоқтап қараса,
Сол жанды өлең қып жазамын, жазамын.
Тұрсыншы бәрі де өзінің қалпымен,
Қозғама, өтінем, сен мүлде қозғама.
Бұрынғы жолымен, байырғы салтымен,
Боз ала бұлт келіп, боздасын боз дала.
Шынайы болсыншы осылай әрқашан,
Шындықтан асатын сұлулық жоқ қазір.
Өзегі — киелі, бағалы байқасаң,
Өзекке қонуға қашанда бақ та әзір...
Көңілді демейді осы бір шын дауа,
Кімдерді елейді әйтпесе Құдайым?..
Құндырақ ешкімге айтпаған сыр ғана,
Түн сайын тербеткен жүрегі жылы ойын.
Ендігі ешкім де айтпасын ар жайлы,
Ендігі күндердің заңдары өзгерек.
Кім енді, білмеймін, шындықты таңдайды,
Әлемді тоқтатар әуелгі сөз керек.
Мен сені сүйемін, қолдаймын, қараша!..
Көмескі тартсын деп жасанды «қазаным».
Табиғи қалыпқа кім тоқтап қараса,
Сол жанды өлең қып жазамын, жазамын.





