Үй жануарлары
Жасыл майса ұйықтап кеткем алаңсыз,
Бір құдірет, жылап жатып ояндым.
Елес берді мейірімді қос бейне,
Қос жарықтың нұрына мол боялдым.
Түсіме енді жастық шағым аяулы,
Екеуімен үйге қарай беттедім.
Жақсы көрер шаңырақ жоқ, ол — ғайып,
Иесі — жат, тым алыстап кеткені.
Жаным толқып сәулеленген сәтінде,
Есімдерін айтам маспын, қайталап,
Көлеңкесі иттің — қасқыр болғанда,
Ал, мысықтың түсі — арыстан, айқайлап!
Көзімді аштым, жалғыз өзім жетіммін,
Ит-мысық жоқ, жетегі ме қиялдың?
Мүмкін дана ойлар тірі, тым алыс,
Ешбір жан жоқ, шын адастым, ұялдым.
...Қарашада кеттім бөтен жыраққа.
Бір құдірет, жылап жатып ояндым.
Елес берді мейірімді қос бейне,
Қос жарықтың нұрына мол боялдым.
Түсіме енді жастық шағым аяулы,
Екеуімен үйге қарай беттедім.
Жақсы көрер шаңырақ жоқ, ол — ғайып,
Иесі — жат, тым алыстап кеткені.
Жаным толқып сәулеленген сәтінде,
Есімдерін айтам маспын, қайталап,
Көлеңкесі иттің — қасқыр болғанда,
Ал, мысықтың түсі — арыстан, айқайлап!
Көзімді аштым, жалғыз өзім жетіммін,
Ит-мысық жоқ, жетегі ме қиялдың?
Мүмкін дана ойлар тірі, тым алыс,
Ешбір жан жоқ, шын адастым, ұялдым.
...Қарашада кеттім бөтен жыраққа.





