Императорлық тақтың жанында: Ихэюань жазғы сарайының тыныштық залында
Алты жасар бала
шебер қолдардың көмегімен
ыңғайлы және ұқыпты киінген,
жібек көйлегі мен
сымдай тартылған шалбары
алтын түспен астасып, көз сүйінген.
Жадағай өңірінен
бұлттардың арасында кестеленген
көзім шалды айдахардың биін мен,
басындағы бөркі мен
қоңырау пішінді қолғаптары
бұғы терісімен көмкеріліп, шеттері түйілген,
сарғыш барқытпен тысталған
таққа кеп отырды,
айналаға масаттана қарайды
езуіне жетіп, ыржиып
қулықпен күлген көздері
өзін тым сабырлы санайды,
қастары қозғалып,
өңі қуқылданып
бұйрық беретін сыңаймен,
сәл мезет өткен соң
бұлттай түнеріп, шыныдай шытынап
темірдей қатайып, көздері алайды:
жауға әскер жіберу,
аяусыз басып-жаншу мен
заңсыз көтеріліс алаңы
кітаптарды жою,
жағыну, жағымпаздану
екі жүзділердің мадағы...
қас қағым сәт өтті
тақ тулап, билік құлады,
келесі билеуші келді,
ал оның жадында
өткен күннен естелік —
сапалы суреттер ғана қалады.
шебер қолдардың көмегімен
ыңғайлы және ұқыпты киінген,
жібек көйлегі мен
сымдай тартылған шалбары
алтын түспен астасып, көз сүйінген.
Жадағай өңірінен
бұлттардың арасында кестеленген
көзім шалды айдахардың биін мен,
басындағы бөркі мен
қоңырау пішінді қолғаптары
бұғы терісімен көмкеріліп, шеттері түйілген,
сарғыш барқытпен тысталған
таққа кеп отырды,
айналаға масаттана қарайды
езуіне жетіп, ыржиып
қулықпен күлген көздері
өзін тым сабырлы санайды,
қастары қозғалып,
өңі қуқылданып
бұйрық беретін сыңаймен,
сәл мезет өткен соң
бұлттай түнеріп, шыныдай шытынап
темірдей қатайып, көздері алайды:
жауға әскер жіберу,
аяусыз басып-жаншу мен
заңсыз көтеріліс алаңы
кітаптарды жою,
жағыну, жағымпаздану
екі жүзділердің мадағы...
қас қағым сәт өтті
тақ тулап, билік құлады,
келесі билеуші келді,
ал оның жадында
өткен күннен естелік —
сапалы суреттер ғана қалады.



