Орта әлем
От жақтым, маздаттым жалынды
Жансын деп, тамыздым қанымды
Қандағы алтынмен алауы бәсеңдеп
Жанғыштық қуаты танылды.
Әлсіреп, айқайлап, тығылып
Өрттің тілімен шағынды,
Алауы ұшқындар себелеп
Жұлдызды бетке алып сабылды.
Көк түтін аспанға ағылды.
Қабыршақты жыландай тербеліп
Жоғарғы әлемнің көзіне шалынды.
Жарқырап жұлдыздар жарылды
Көк бұйра лента тағынды
Зыр қағып, аспанды айналып,
Ғажайып электр сәулелері шағылды
Солтүстік шамдары
Мен оттың айналасына тұмар ілдім
шырша-балқарағайдың қызыл діңгектерінен
ең мықты бұралған сәнді ілмектерінен
қалың мұздың шөлмектерінен
ұйқысыз бұталардың қарлы өрнектерінен,
бұрыштарға жан кіріп, айнала тірілді,
төңірек жаңғырып, сезгендей дірілді,
аю іннен шыққандай, сең жүріп
тамырдың бойымен жылы қан жүгірді,
сеңменен топырақ тұз татып
төменгі әлемнің құлағына ілінді.
Тұмарлар тербелді
Сойдақтіс сүйегі, құстардың тырнағы
Оларда армандар, тілектер ілініп тұр-дағы
Мөлдір жасыл түспенен ойнады
Сәулелер шақырып жылғаны
Солтүстік шамдары.
Содан соң, соғып ем дабылды
Жанып тұрған қасқырға оралған
Киелі рухтар ағылды
Киелі рузтар тарады
Киелі рухтар сабылды
Көмектесіңдер кәрі Аяға, бәріңе табынды.
Осы жердіің аң мен құсын, орманын
Мың жыл бойы қорғадым,
Жүзіп, жүріп, ұшып қанат қаққанын
Көрейін деп мың жыл бойы сақтадым
Тіршілікті қорғаушыға ұқсадым
Мұның бәрін мың жыл бойы ұстадым.
Бағындырдым бәрін, балықты жараттым
Орманды биледім, тағыны үйреттім
Аспанды құстарға толтырдым
Қойнауын игеріп, жерді адамға билеттім
Шегінен асқанды тойтардым
Ал бүгін, күшім де таусылды,
шаршадым, мен талдым.
Өзгерген, құндылық шіріген
Ештеңе қалмаған жердің де сүйкімді түрінен
Әлемді жаулаған ашкөздік, зұлымдық
Мейірім күтпейді адамдар біреуі бірінен,
Қайғыны сезбеген не деген тағылық!
Дабылым дірілдеп, барады тынысым тарылып.
Мен үшін тым қиын, ауырлық жаншыды,
Түндерім ұйқысыз, көзімде таң шығы,
Қара жер астында, мәңгі мұз қасында
Қайғыдан жүрегім шаншыды
Бір күні таулар да құлайды
Көбікпен жасырып теңіздер қайғылы тамшыны.
Көмек керек жолдастар,
Жан жағым жапырақ жайған мұң,
Шаршадым, кете алмай ойландым,
Кімдерге қалдырам осынау тірлікті
Темірқазық үнсіз қап қойған — ды.
Сендерге барымды ақтардым, көріңдер
Туғандар, тезірек көмекке келіңдер!
Бұтақтар дірілдеп, омбы қар еріді сайға ағып
Тұмарлар өртенді ұсақ күлге айналып
Таспалар өшкені, жасыл нүктеге байланып.
Әлемде тек жалғыз билеуші болуға сайланып
Жұлдыздар отқа кеп түседі айналып.
Өшеді жанған от аспандап
Көлеңкелер жиылып, қараңғылық басқармақ,
Ысқырып, дауыстап дүлей күш
Әлемді өзгерту дәуірі басталмақ.
Әлемде өзгеріс
Жансын деп, тамыздым қанымды
Қандағы алтынмен алауы бәсеңдеп
Жанғыштық қуаты танылды.
Әлсіреп, айқайлап, тығылып
Өрттің тілімен шағынды,
Алауы ұшқындар себелеп
Жұлдызды бетке алып сабылды.
Көк түтін аспанға ағылды.
Қабыршақты жыландай тербеліп
Жоғарғы әлемнің көзіне шалынды.
Жарқырап жұлдыздар жарылды
Көк бұйра лента тағынды
Зыр қағып, аспанды айналып,
Ғажайып электр сәулелері шағылды
Солтүстік шамдары
Мен оттың айналасына тұмар ілдім
шырша-балқарағайдың қызыл діңгектерінен
ең мықты бұралған сәнді ілмектерінен
қалың мұздың шөлмектерінен
ұйқысыз бұталардың қарлы өрнектерінен,
бұрыштарға жан кіріп, айнала тірілді,
төңірек жаңғырып, сезгендей дірілді,
аю іннен шыққандай, сең жүріп
тамырдың бойымен жылы қан жүгірді,
сеңменен топырақ тұз татып
төменгі әлемнің құлағына ілінді.
Тұмарлар тербелді
Сойдақтіс сүйегі, құстардың тырнағы
Оларда армандар, тілектер ілініп тұр-дағы
Мөлдір жасыл түспенен ойнады
Сәулелер шақырып жылғаны
Солтүстік шамдары.
Содан соң, соғып ем дабылды
Жанып тұрған қасқырға оралған
Киелі рухтар ағылды
Киелі рузтар тарады
Киелі рухтар сабылды
Көмектесіңдер кәрі Аяға, бәріңе табынды.
Осы жердіің аң мен құсын, орманын
Мың жыл бойы қорғадым,
Жүзіп, жүріп, ұшып қанат қаққанын
Көрейін деп мың жыл бойы сақтадым
Тіршілікті қорғаушыға ұқсадым
Мұның бәрін мың жыл бойы ұстадым.
Бағындырдым бәрін, балықты жараттым
Орманды биледім, тағыны үйреттім
Аспанды құстарға толтырдым
Қойнауын игеріп, жерді адамға билеттім
Шегінен асқанды тойтардым
Ал бүгін, күшім де таусылды,
шаршадым, мен талдым.
Өзгерген, құндылық шіріген
Ештеңе қалмаған жердің де сүйкімді түрінен
Әлемді жаулаған ашкөздік, зұлымдық
Мейірім күтпейді адамдар біреуі бірінен,
Қайғыны сезбеген не деген тағылық!
Дабылым дірілдеп, барады тынысым тарылып.
Мен үшін тым қиын, ауырлық жаншыды,
Түндерім ұйқысыз, көзімде таң шығы,
Қара жер астында, мәңгі мұз қасында
Қайғыдан жүрегім шаншыды
Бір күні таулар да құлайды
Көбікпен жасырып теңіздер қайғылы тамшыны.
Көмек керек жолдастар,
Жан жағым жапырақ жайған мұң,
Шаршадым, кете алмай ойландым,
Кімдерге қалдырам осынау тірлікті
Темірқазық үнсіз қап қойған — ды.
Сендерге барымды ақтардым, көріңдер
Туғандар, тезірек көмекке келіңдер!
Бұтақтар дірілдеп, омбы қар еріді сайға ағып
Тұмарлар өртенді ұсақ күлге айналып
Таспалар өшкені, жасыл нүктеге байланып.
Әлемде тек жалғыз билеуші болуға сайланып
Жұлдыздар отқа кеп түседі айналып.
Өшеді жанған от аспандап
Көлеңкелер жиылып, қараңғылық басқармақ,
Ысқырып, дауыстап дүлей күш
Әлемді өзгерту дәуірі басталмақ.
Әлемде өзгеріс




