Айтам тағы: «Дәлірек!»,— деп...

* * *

Айтам тағы: «Дәлірек!»,— деп,
Симай баста тостақанға.
Қажет емес мәлімет көп,
Біз отырмыз бос ғаламда.

Ойыншық таңдап алдық тағы,
Шаршатады мәңгі жұптар:
Қараңғылық қалдықтары,
Түсініксіз жаңғырықтар...

Ілгектерді алмастырдық,
Үтік көрмей қыржым қатты.
Жалықпастан жалғастырдық
Бөлшектеуді бүтін затты.

Сенесің ғой сен күшіңе,
Жалған кейпің алысты аңдып.
Ақырзаман белгісі ме
«Құдайтуыс» данышпандық?..

Әділ жанды ақтап жылдам,
Нұрланады нәби жанар.
Бұл әлемді сақтап тұрған
Қарапайым қағидалар!