Ит тірліктің бейнесі қандай...

* * *

Ит тірліктің бейнесі қандай
Сырахананың картинасындай
Темекіміздің егесі бардай

Қолыма ап жүрегімді қайыққа әдемі
Салған себебім түсіп қалмасын
Бір-біріне жіберсем айып па дедім

Жоғары,
Тым жоғарыдан
Кеуделі Марс еңкілдейді.
Адамзат мінген ұшаққа жыпылық
Фрейд күрсінсе, Маркс күңкілдейді!