Василий Белов
Василий Иванович Белов (1932—2012) — прозашы, публицист. КСРО Мемлекеттік (1981), РФ Мемлекеттік (2003) һәм басқа да көптеген сыйлықтардың лауреаты.
Вологда облысының Харов ауданына қарасты Тимониха ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін ағаш ұстасы, моторист, электромонтер болып жұмыс істеді. Аудандық газетте қызмет атқарған. А. М. Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. Вологдада тұрды.
«Ауыл прозасының» көшбасшылары мен идеологтарының бірі, орыс солтүстігінің зерттеушісі һәм тұрмысын жазушысы. «Үйреншікті шаруа» және «Ағаш ұсталығы жайлы әңгімелер» хикаяттары оны бірден танымал етті. Ресейдің солтүстік мәдениеті мен тұрмысы туралы «Үйлесім. Халықтық эстетика жайлы жазбалар» және «Орыс солтүстігінің күнделікті өмірі» зерттеулері де жоғары бағаланды. «Қарсаңдағы қарбалас», «Ұлы сынақ жылы» және «Алтыншы сағат» романдарында ХХ ғасырдағы орыс шаруаларының қайғылы тағдыры туралы айтылды. Орыс тілін қорғап, оны халықтық негіздерге қайтаруды қолдады.