Кім болды екен ұлуды салып күймеге...

* * *

Кім болды екен ұлуды салып күймеге,
Жасырып жіпті инеге,
Салқын суға қараған?

Кім болды екен
қышқылды сезіп, күміс жаңбырды көрген,
өлгендерге жұмаққа баруға жеңілдік берген?

Лай суға барып,
ойнайды балық...
Күміспен түстес сынаптан шар жасап алып.

Мүжігендер балықтың сүйегін
ұйықтай алмайды, білемін...
Балықтың өлімі мазалап.

Ұйықта, бөпем,
сен өлімге сенбе мейлі, сен мейлі,
көзілдірік кигендер айналасын көрмейді.

Өлілерге бас имейді олар,
тіріні еске алмайды бәрі,
сәбилерді ренжітеді, ал, қурап қалады жаны.

Соқырға терезеден ай қарап,
ақ мысық сияқты
тоңазыған қолдарын аймалап...