Сабыр қалды дәл бүгін жүрегімде...
* * *
Сабыр қалды дәл бүгін жүрегімде,
төзім қалды ақыл-ой, тілегімде,
үміт қалды үлбіреп өн бойымда,
бір сәуле қалған сынды гүл өңімде.
Жоғалтқан ең аяулы сәттерімдей,
кеудемде күн кешетін әттеңімдей,
жалт етіп, ғайып болған арманымдай,
оралмас сонау ыстық шақ керім бе?!
Өзім мен өзім қалдым,
тағдырымда
кештім бәрін, кешірдім барлығын да.
Дұшпанның оқ атқанын ту сыртымнан,
күншілдеу көп пейілдің тарлығын да.
Шын айтам,
төзім енді сүйенішім,
күнәһар әр мезетке күйеді ішім,
тәңірге жақындадым, сабырыммен,
жаратқан, сен де мені сүйемісің?!
Мейірім мен кешірім болмысымда,
әзиз басты өзіңе сүйедім шын.
Сабыр қалды дәл бүгін жүрегімде,
төзім қалды ақыл-ой, тілегімде,
үміт қалды үлбіреп өн бойымда,
бір сәуле қалған сынды гүл өңімде.
Жоғалтқан ең аяулы сәттерімдей,
кеудемде күн кешетін әттеңімдей,
жалт етіп, ғайып болған арманымдай,
оралмас сонау ыстық шақ керім бе?!
Өзім мен өзім қалдым,
тағдырымда
кештім бәрін, кешірдім барлығын да.
Дұшпанның оқ атқанын ту сыртымнан,
күншілдеу көп пейілдің тарлығын да.
Шын айтам,
төзім енді сүйенішім,
күнәһар әр мезетке күйеді ішім,
тәңірге жақындадым, сабырыммен,
жаратқан, сен де мені сүйемісің?!
Мейірім мен кешірім болмысымда,
әзиз басты өзіңе сүйедім шын.




