Одиссейдің жыры
Зайыбым Наташа Румарчукке
Менің кемем жағалауға жеткенде,
Маған еріп, бұл құрлыққа жыр келген.
Мұны бұрын теңіз тыңдап көктемде,
Мың дабылдан бақ асырып жүргеннен,
Кіл дауысты дыбыстардан құралып,
Көмескілеу аудармада жыр анық
Кезбе тілден жағада өзге тілге енген:
Мен сені сүйемін теңіз шағаласының үнімен қарлыққан,
Қыран шаңқылымен, Прометей бауырының иісін сезіп, шалдыққан,
Тасбақалардың үнсіздігіндегі кескінмен, мың түрлі мұң тұнған,
Ақырғысы келіп, аһ ұрған кашалоттың шіңкілімен, қылқынған,
Пантомимо болып, сегізаяқ қармалауышымен орындап,
Теңіз балдырлары таңырқап, тікесінен тік тұрып, жұлқынған.
Мен сені сүйемін тәніммен түгел, теңізден шыққан қалпыммен,
Бар дариялармен, Амазонка, Миссисипи салаларындағы қарқынмен,
Күллі шөлдермен, өздерін теңіз есептер,
Естіген шығарсың, құмдары құйылып құрғатқан тамағымда тұр кесектер.
Мен сені сүйемін бар жүрегіммен, өкпеммен, қарашығымен көзімнің,
Сүйемін сені жер қыртысымен және жұлдызды аспаныммен өзімнің,
Сарқырамалардың құлауыменен, етістіктің бар жіктеуі боп тұрған күн
Сені сүйгенмін Еуропаны жаулауынан да зор ғұндардың,
Жүзжылдық соғыс һәм жаугершілігі боп Орданың,
Спартак көтерілісі, Ұлттардың Ұлы көші боп жүрек төріне орнадым,
Ескендір шаһарының бағанына, Пизандық мұнараға айналып кеттім мен,
Солтүстік полюсті жылытуға ұмтылған Гольфстримдегі екпінмен.
Мен сені сүйемін тартылыс күшінің қарпімен
Және өлім жазасы жайлы үкімнің орындалуының суық салтымен,
Өлімге кессе, келеді құлап, көз ілгім
Тұңғиықта түпсіз Бермуд үштағаныңда өзіңнің.