Бергеніңе рахмет дедім мен Саған...
* * *
Бергеніңе рахмет дедім мен Саған,
Бергеніңді игілікпен қайтарам.
Қасиеттің бәрі дағы құдайлық.
Шумақты ма, оны қойшы мың ойлық,
Сенен кейде туады екен ұрпақтар.
Семинарияға жіберемін, шіркеуге
Деуші ем оған, алдыға жол сілтеуге,
Қабылдаймын десең Сенің қолыңда.
Бой жазсын да, қызмет қылсын соңында,
Көгершін де ұшады үйдің маңында.
Санақ та осы, есек мінген салтанатты шеру де,
— Берем, — дедім. Берем, — дедім түсімде
Жанған оттың ішінде,
Жұлдыз куә, жазалаудың өзінен де, Тәңірі,
Сол жазаны күту екен ауыры.
Бас көтердім, арылмаққа ауыр-ауыр ойлардан:
— О, Құдайым! Жүрегіммен байланғам!
Қандай болсын бүкіләлемдік жұмағың,
Кетпеші алып көңілімнің шуағын!
Күтіп жүрдім әкетер деп қашан, сосын топ халық,
Бас қақпаны бара жатты бетке алып,
Біткен жері осы деп ем, денелер де төмен тарып орасан,
Жармасып ап, жібермепті, қарасам.