Сәске ауғанда ызғарлы жел өтінде...

* * *

Сәске ауғанда ызғарлы жел өтінде
Сөнген тәннің қараяды кескіні.
Куә болып тірлігіңнің шетінде,
Тарауға да асықпады ешбірі.

Жанашыр боп таяр біреу сәтіңді,
Бойлар шаншып қабырғаңның арасын,
Бір себеппен естіп демін ақырғы,
Жеңілдетіп кетердей жан қазасын.

Жан менен тән баяғыда-ақ айрылған,
Болса-дағы, жебе аяусыз шаншылған
Латындардың қосынының қан қылған
Дулығасын қанды сумен қарсы ұрған.

Аулағырақ іздеп жанның дауасын,
Дар түбінен өкси шықты өкініші.
Өлмей тұрып ол тапсырды анасын,
Петр менен Марияны екінші.

Құлшылықпен өзі оқыған алабы
Тән жуатын құрам берді халыққа.
Тәртіппенен боз жібекке орады,
Күзетшілер қойды және табытқа.

Бақташылар асатаяқ көтеріп,
Түгендеді пасха затын, санатып.
Періштесі көкірегінен от өріп,
Көкке шықты дірілдетіп қанатын.

Осы мұңды асығыста Петрге,
Храмға әрбір таңда бару міндет пе?...
Дайын болу керек шығып-көпірге
Қайта оралып ағаңменен қызметке.

Қарар фәни қабырғасы, жарына
Марияның оты әлі сөнген жоқ.
Уәделі үшінші күн тағы да
Көңіл құдай бейнетіне сенген жоқ.