Демалыс және мерекеден басқа...

* * *

Демалыс және мерекеден басқа,
ешбір мағынасыз мәнсіз құдайдың құтты күні
үйден орталыққа жетелейді шақырлағын
сықырлаған, шырылдаған, сақылдаған
қиқылдаған, шиқылдаған барабанның үні,

көзді ашып жұмғанша жылдам
жер асты пойызы жеткізеді мені апарып
Автозаводск және Павелецк аялдамасының жанында тұрған
ең жақын досыма,
ол отбасы үшін жаралған, сабырлы жан атанып.

Әлемдік деңгейден дәл мүндай бөтелкелес, кітапқұмар жан таппайсың!
Адал еңбекпен бір тиын алмаған
Боря Гелибтерді есіңе сақтайсың,
ей, тірілер, есіңе ал, дұға бағышта
алтыншы жарылыс кезінде бөліктерге бөлініп, сау тамтығы қалмаған,

Христос туғаннан кейінгі екі мың төртінші жылы ақпанда
қырық үш жасқа толуға елу төрт күн қалғанда,
жұма күні ертемен жұмысқа бара жатқанда
сағат отыз екі минутсыз тоғызға толғанда
кездейсоқ хош айтты жалғанға.

Менің ойыма ызалы қарғыс орала береді:
«осы сұмдық бұйрықты жолдағандарға
салдарын біле тұрып, орындап қолдағандарға
екі дүниеде де жақсылық бермесін,
қабірінде де тыныштық көрмесін!»

Олар ояу, сондай жандарға қарғыс айтады,
көндіккен ойлар өте түсініксіз, жаңсақ
адамның ақыл ойы тереңде жатқан құпия
ол жердегі түсініктен алшақ
өлгендердің тууы, өмірі мен өлімі өздерін қайтарып алатын

құдіретті жаратушының қолында бәрі
сүйген құлына батасын береді,
бұлыңғыр дүние — қалғаны,
философтың ойы дұрыс, нақты болу үшін дерегі
қайта тірілу үшін цифрлық дәлдік керегі.

Бұл тұжырымды да шығаруға болады теріске,
Ойшылдың өткір ойларыменен келіс сен, мейлі келіспе.
Освенцим, ГУЛАГ, Хиросима, Бағдад, Нью-Йорктегі
қанды революция мен соғыстан кейінгі поэзия жеңіс пе?
Поэзия болуы мүмкін бе еді, болса қандай?