Мен сенің нәзіктігіңді сұраймын...

* * *

Мен сенің нәзіктігіңді сұраймын,
аңсарым боп құшатын әр күн сайын.
Сен ынтықсаң,
бүр жарып қызғалдақтай,
көктегі күн нұрындай жарқылдаймын.
Жанарымнан бақыттың ұшқыны атып,
көкке самғап кетуден тартынбаймын.

Сүйгеніңе мұқтажбын,
сезесің бе?
Өзіңді алғаш ұнатқан кез есімде.
Құлағыңа сыбырлап өмір жайлы,
ақтарылған сәттерім сезімге әйгі,
шүпілдеген арманның көзесінде.

Мені ешқашан қалдырма
жалғыздықта,
жалғыз болсам, жылайды жан сыздықтап.
Мынау әлем сен болып тағдырымда,
сендік сәуле күн кешсін жан нұрында.
Көктем мен жаз ең ғажап мезгілдердей,
сен ғұмыр кеш ең қымбат ар, мұңымда...
Сен ғұмыр кеш Тәңірдің жарлығында.