Бәрің де, бәрің де ой салып қараңдар!..
* * *
Бәрің де, бәрің де ой салып қараңдар!
Қызымыз бассейнге барады, жарандар!
«Оян да сергі тез, майкөтен!» Шешесі ұрысты.
Ұрысты, керегін түгендеп беруге кірісті.
Сүлгіні салғанда: «Түк етпес, қысылма сен одан.
Нәресте шағыңда өзіңді осыған орағам», —
деді де салпылдақ, төсеніш, бас киім, сабыны, басқа да,
өзінің шомылу киімін қосты оған.
«Шашыңды кептірмей, шығушы болма сен далаға,
Одан сайын есуас боласың», — деді, бір кейіппен өз-өзін қоштаған.
Қызымыз күмпиген сөмкесін иығына асты да,
Көшеде аяғын самарқау басты да,
Кеп кірді киімін шешетін орынға,
Үн-түнсіз отыр ол, ешкім жоқ жанында.
Кенеттен төрт қыз кеп кіреді періште секілді,
Оларға қарап ап өзінің келгеніне өкінді.
Содан соң ой түйді не түрлі:
— Құдай да аямай беріпті мүсінді!
Олардың жанында киімін шешпесін түсінді.
«Іш киімім пошымы ескірген сән еді.
Төсім де туғаннан емес-ті әдемі».
Ал мына сән қыздар жалғыз-ақ аяқпен секіріп,
қолдарын сермелеп, көздері жылтырап...
Біздің қыз біледі өзінің жолдорбасы ішінен
сарымсақ иісі тұрғанын бұрқырап.
«Күні ертең саулығың уайым боп,
Әуреге түсетін жайым жоқ,
тұмау ма, бірдеңе жүрерсің жұтырып
Сарымсақ бәрін де жіберер ықтырып»
Жол бойы сөмкесін желге ұстап келсе де,
Кетпеді, ол иісті басқамен теңшеме.
Осы бір әсемдік жалаңаш күйдегі
Бұл қызды тіпті де көзіне ілмеді.
Біздің қыз белдемше астынан шұлығын сыпырды,
Шомылатын киімін беліне жеткізіп барып белдемшесін түсірді.
Бұдан соң жеңінің астынан суырып, төстартышынан құтылды,
Шомылар киімін иығына дейін көтеріп барып, кеудешесін шешті.
Киімін шешу де бір азап сықылды.
Бір сағаттан соң душтан шығып, қыздар киіне бастады.
Айтпақшы! Анасы: «Шашыңды кептірмей, шықпа!» — деп, ескертіп еді ғой.
Кептірініп отыр ол көңілсіз реңі,
Ал қыздар қол сандықшасынан заттарын алады кербезсіп гүл өңі,
Аузынан тамаша сөздері төгіліп: Буржуа, Сен-Лоран, Клема...
себініп, еркінсіп жүреді.
Ол келе өз бөлмесіне кіріп кетті. Шешесі соңынан келді өзі.
Не болды, жүздің бе? Тапсырма берді ме? Несіне түнердің?
Біздің қыз қыстығып отырды тістелеп гүл-ернін,
Қарасы нүктедей, үнсіздігі үтірдей, көзі мен көңіліне қайғы алып,
Содан соң тіл қатты ойланып.
Анашым, осы бір қолдары нәп-нәзік, хош иіс аңқыған,
Тырнағы боялған, еріні қызарып, өкшесі тықылдап, көңілі шалқыған,
Неге жоқ сенде сол әйелдік сыр-сипат?
Сенің бұл тоңмінез қалпыңа болғанда тағар мін,
Пани Валевская мен Красная Заряны мен қалай айыра алармын.
Сондағы қызымның айта алмай тұрғаны мынау, рас:
Махаббатқа бөленіп көрмеген өзін де сүйе алмас.
Сүйетін ештеңе жоқ сынды біледі ол.
Еркелеп өспеген, бір жылу көрмеген, мейірімге шөлдеген...
Қызым-ау, өмірде тоқтаусыз жүзе бер, жүзе бер.