Маусым жабылғаннан кейін
1. Эльба
Қасиетті ай сынды, Пальма ағашы, жас талдан,
қаталдығы қаңтардың мамыр айдан басталған.
Тұман торлап жан-жақты, жаулап бәрін алса да,
ұйқыдағы көздердің оянғаны болса да,
ұйқы қысып тұрса да, қадауға емес көздерін,
Азов жауынгерлеріне, батырына өзгенің
(Индиана прериясы) иә сондай шақ болған,
соңғы — төртінші шақыруға аттанған.
Сарқырама үстінен ақ перделер жабылып,
мұзға айналып дүние, жан-жағына ақ іліп,
аппақ дүние ішінде бір қуаныш қарсы алып,
жатады ылғи тау іші жаңғырықтан ән салып.
2. Орал құстары
Көктемде ылғи ол жерде отыратын қос тігіп,
үндістердің салтындай кетсе-дағы ескіріп.
Еркектерін олардың «хиппи» дейтін үнемі,
әйелдерін «скво» дейтін халық біледі.
Сол қостардан жан-жаққа тараушы еді соқпақтар,
мұнар торлап, жүргізбей қараңғылық қаптап бар.
Тайга соқпақтарында аяқ әрең қозғалып,
көпірлерден — көпірге, саздауыттан — саздауыт.
Өмір жылжып барады табан тіреп тастақтан,
иірілген жыландай жолдар анау бос жатқан.
Келгенде Орал құстары әдетінше қамданып,
күн шыққандай шығыстан қара түнді қақ жарып,
данышпандар, жүргінші, ергежейлі пенделер,
олар осы таулардың қуысында жерленер.
Біртұтас һәм мың түсті болмыстардан құралған,
дөңгеленіп отырып әндеткенде мың алуан,
кейіпкерлер іздеген өзін-өзі ғаламнан,
тобырдағы ғұмыры өз даусындай жоғалған.
Айтылған мың сөздерді құлағынан өткізіп,
әлем даусын шуылсыз жүрегіне жеткізіп,
аршалардың қылқаны — дайын кітап, білгенге,
адасқандар бұл жерге келеді өзін іздеуге.
Жалғыз емес, жалғанда ашып көптің есігін,
азғын достық керісінше алады өз есімін.
Бақытты рас, өзінше бір тыныштық тапқаны,
оқиды олар өткеннің ертегідей хаттарын.
Азия түні мүлгиді шексіз дала төсінде,
тастандылар ұйқының тербеледі көшінде...
Самсон батыр секілді дұшпаны көп аңдыған,
Далиланың тізесін жастық қылып қалғыған.