Көп гүлдер құлпырған шақ қыр басында...
* * *
Көп гүлдер құлпырған шақ қыр басында,
Қар жауып тұр сәуірдің жиырмасында.
Жұмыс күні басталды, апта басы...
Бұл табиғат айтқанды тыңдасын ба?!
О, неге? Қар жауып тұр, қайран қалам!
Бұл қай күн, күнтізбеге сайланбаған?
Бір адам тұр,тағы бір көлеңке жүр,
Бәтеңкенің бауы да байланбаған.
Тарт, достым! Дүкен жаққа жаяулатып,
Содан соң үйіңе орал, баяулатып.
Өмір деген созылған резеңке,
Дегендей Тәңір өзі баяндатып.
Қойылар бізге үлкен сұрақтар көп,
Қайда екен, қар дүкені, бір ақпар жоқ.
Жас толып көзімізге сөз таппаймыз,
Алдаймыз өзімізді жұбатқан боп.
Аялдама... Жазулар мағынасыз.
Жаурап тұрмын, өтуде жаныма сыз.
Сусиырға көз салам қайта-қайта,
«Қарашы» — деп қоймайсыз тағы да сіз.
Көп гүлдер құлпырған шақ қыр басында,
Қар жауып тұр сәуірдің жиырмасында.
Жұмыс күні басталды, апта басы...
Бұл табиғат айтқанды тыңдасын ба?!
О, неге? Қар жауып тұр, қайран қалам!
Бұл қай күн, күнтізбеге сайланбаған?
Бір адам тұр,тағы бір көлеңке жүр,
Бәтеңкенің бауы да байланбаған.
Тарт, достым! Дүкен жаққа жаяулатып,
Содан соң үйіңе орал, баяулатып.
Өмір деген созылған резеңке,
Дегендей Тәңір өзі баяндатып.
Қойылар бізге үлкен сұрақтар көп,
Қайда екен, қар дүкені, бір ақпар жоқ.
Жас толып көзімізге сөз таппаймыз,
Алдаймыз өзімізді жұбатқан боп.
Аялдама... Жазулар мағынасыз.
Жаурап тұрмын, өтуде жаныма сыз.
Сусиырға көз салам қайта-қайта,
«Қарашы» — деп қоймайсыз тағы да сіз.




