Бір көзіммен Бейрут жаққа қарасам...
* * *
Бір көзіммен Бейрут жаққа қарасам,
бір аяғым Бағдатта,
қайда жүрсем мұң әр сонда... Дамаскіде қызық көріп орасан,
күн батырдым Ливанда, ажалды да қабылдап құп алсам ба,
батқан күнді көзімнен шығарсам ба?
Ерусалимде бал ашып жұлдыздармен,
қош қотарсам жанымның дертіне бір.
Гефсиман бағында жайқалса бұл Күз дәурен
жоқ дүниеде өсірсең көркіңе гүл,
құдай-ау, сүргім келеді еркін өмір!
Иуда шөлін кезіп кетсем бе монахқа айналып жартылай жалаңаш,
тек грек құтысынан шөлімді қандырсам — тәңір жұпарлы бұлақтан
шашылған сүйегімді теріп жүрем бе, қайта гүлдеп ақыл ішіндегі кәрі ағаш,
жұпарлана алсам ғана өзімді-өзім ұнатқам,
қандай тылсым жүрегімдегі бір сәбиді жылатқан?!
Жазмышымды оқуды үйреткен жер-көпір,
ғаламшарым менің жүрек ішінде мұңайған.
Қара теңіз Босформен, Афина мен Фермопіл,
Солун менен Керкиру —жердегі жұмақ аралым,
аңқып бір тұрған ауаға, жаратылыс, түн, айға
сүймеймін деп сендерді қалай айтам құдайға?
Сарқырамаңды алып, жүрегімді жарып, қылсам ба сарқып ағатын,
көңіл құртын ұшырсам бал ара ғып?
Жердегі тәңірдің жасампаз нұрына аңқып алатын,
тек ешкім қалмасыншы жараланып,
тек ешкім қалмасыншы жараланып.
Бұлағыңның басынан ұрттарымда,
тауларыңды, жабайы бұлттарымды
қайғымнан кеме жасап керек етем
дарытып құт қаныма,
жарық шұғыласына оранып жолға шықсам,
дүние соңымнан ере ме екен?
Перілер де шұбырып жолымнан кіл,
Ефрат, Ермон кетсек пе айдан қарғып
кері ағып ере ме соңымнан Ніл,
адасамыз қай жерде, қайдан қалғып,
қайдан біткен тартылыс, Пайғамбарлық?
Шерге толы жүрегіме қайдан бітті ол тосыннан,
азабымды өзім арқалап, тартар едім,
жарты әлемді қалдырып осында,
артымнан ертер ем жарты әлемін,
өзім де ақылы ию-қию бұралған мүйізді арқар едім.
Өзім сүйгеннің бәрін мәңгілікке ала кетіп,
өзімді алып жүрмін ғой қайдағы әрең?
Сірә, шіркін, бола ма екен мұңда өлшем
мен де сосын Құдайға айналар ем,
жынымның сыртына шығып үлгерсем?
Кетем ертіп Жұдырықтай жүрегіме,
мейірімді жын еліне
күрсіністерімді жалғап, о, бір жұмбақ...
соңыра қайтыс болуға келермін біреуіңе,
жасампаз дүние қарсы алса қолын бұлғап!