Ну орманның айбары да сұсты ғой...
* * *
Ну орманның айбары да сұсты ғой,
ішіп алған глинкамен асқақтала түсті ғой.
Тоң бетіңді құдықтың мұздай болған суымен
жуып тұрған күшті ғой.
Бұтақтары ұйысқан бәйтеректің басынан
көшіп жатқан бұлттардың
күн көрінер астынан.
Түк көрмеген екенбіз ғой сол кезде,
еркін ойдың мысқылынан күйесің.
Ешкім бізге жылы хабар әкеліп,
жегіп берген жоқ еді ғой биесін.
Ұстамадың паладиннің қолдарын,
сен сусар мен бұлғындардың ішінен,
ал, мен жаяу, алба-жұлба түріммен
чекушка алып келе жаттым дүкеннен.
Сен орыстың асыраушы анасы ең,
тар көйлек пен таршылықтан мұңайған,
жалбарынып тілеу тілеп құдайдан.
Езілсең де ешкімге сыр бермеген,
еміреніп хан бесігін тербеген.
Ал, ауылдың аулалары алаулап,
таң нұрының шуағымен өртенген.
Ну орманның айбары да сұсты ғой,
ішіп алған глинкамен асқақтала түсті ғой.
Тоң бетіңді құдықтың мұздай болған суымен
жуып тұрған күшті ғой.
Бұтақтары ұйысқан бәйтеректің басынан
көшіп жатқан бұлттардың
күн көрінер астынан.
Түк көрмеген екенбіз ғой сол кезде,
еркін ойдың мысқылынан күйесің.
Ешкім бізге жылы хабар әкеліп,
жегіп берген жоқ еді ғой биесін.
Ұстамадың паладиннің қолдарын,
сен сусар мен бұлғындардың ішінен,
ал, мен жаяу, алба-жұлба түріммен
чекушка алып келе жаттым дүкеннен.
Сен орыстың асыраушы анасы ең,
тар көйлек пен таршылықтан мұңайған,
жалбарынып тілеу тілеп құдайдан.
Езілсең де ешкімге сыр бермеген,
еміреніп хан бесігін тербеген.
Ал, ауылдың аулалары алаулап,
таң нұрының шуағымен өртенген.




