Қорқыныш

Менің үрейім бар
қорқыныш көне кемемен
оралып өткен шақтардан
төне ме деген

менің үрейім бар
қорқыныш сөреден ерен
көрініп келешектерден
келе ме деген

менің үрейім бар
ұдайы толқытар
шынайы қорқытар сәттен

үрейім бар
себебі көптеген
қорқыныштың да енді көмегі жоқ деген әттең