Сақтар

анықтап қарасаң байқарсың бірден көр де тұр
сақайған сақтың келбетін
апырай ана Қырым атырабының аңызақтары қақтаған
әр тайған қатты қартайған
керенау кербез Алтайда
кескінін кескілеп кекті аяз
ең ұзақ таңы атқанша аңыз ақ қары сақтаған

бақылап бақ бүгін
баса алмай ақылға сыймас жылдамдығы мен аптығын
белесебетпен-ақ бұзып өткенде тапқырың
жылдардың қалың қатпарын ескермей
күз айнасын да еш көрмей
жаз көлеңкесінен сескенбей
қар бұғаттарына дес бермей
батасын беріп батты күн

шыр айналдырар басты шапшаңдықпен өтуде
түрленіп түгел түлеген тән де тұр дайын
секіріп кетуге
мың бұралған қозғалыстарға жетуге
сальто-морталеде ажалдың байқап ыңғайын

баяу да екпінді
зымырайды заңғар замандар
тас-талқан етіп жолында аяулы көп күнді
қалалар қирап үмітсіз қалмақ алаңдар
немесе қорғандар ерте өлер кейде өртенер
жағрапиялық карталардың көлемін кейін көмкерер

бір көргеннен шығып кейде есің
бек мүмкін ажыратпауың арғы анамыздың бейнесін
білмеуің кәдік бәдіз кейпіндегідей
шынайы жылаған кей түндегідей
шығарғанда жас бейне бір алмас
беріктігі Белемірдің бейітіндегідей