Күнге тартылған тесік төбемнен бұ дүниеде жатып...
* * *
Күнге тартылған тесік төбемнен бұ дүниеде жатып —
о дүниелік түс көремін
Жерден де үлкен ой арқалаған — тәңір алдындағы кішкене өмір.
Іңір перілері түрегелген мұң құрсағы,
жалған жарығын өшірсе — жарығын жағады жынның шамы.
Көзін ашты ит тірлік ат-арбалы,
жалғызкөзді үреймін қатардағы.
Үрей әйнегінен қарайды далаға қалың нөпір,
сана ішін аралаған аруақтар жанында отыр.
Күндегі көрініс осы кіл перілер сауғалап іңірдің жеңінен,
бірақ, олар бір күнге де шыдамайды тұрып көрсе сенімен.
Осының бәрі ішімде болып жатады, қайталанады тағы да,
о дүниелік жұлдыздың жарығымен аласталып алмасам,
абракадабра!
Ояу жүріп түс көреді қалың нөпір,
өңінде оқылар дұғаны, түсінде оқыр
олар дәл қазір асқазанының ішінде отыр.
Сол жерде жамырасып жатады, дабырласып жатады күні-түн,
өздерінің есімдерін, жыныстарын ұмытып.
Жасыл тұқымын санамда жайқалтып, жасыл жымиятын болдым —
жындардан!..
Алдынан жарылқасаң — артын көрсетеді сұм жалған!
Осы қазір, сәл кешелеу, алдыгүні, бұрын да,
мұң әлемін зерттей алмас еш бір сала, ғылым да!
Ішіңдегі кітабыңды парақтайды әлдекім,
мейірімді жындарыма періштелік ілім оқып әуремін.
Өзің ғана ұстай алар, ести алар, түсінер
ерсілі-қарсылы жүреді Сөздер — санамда тұратын кісілер.