Окада жүзудің бақыты бұйырды...
* * *
Окада жүзудің бақыты бұйырды,
Қараңғы түндерде аппақ бір кемемен.
Кеудеме ып-ыстық ақ «әуен» құйылды,
Бейкүнә бозторғай көкке ұшып денеден.
Бұрында сезбеген, көрмеген, білмеген,
Бұл сәтті ендігі мүмкін бе ұмыту?
Шын өмір — мәңгілік жан рухы бүрлеген,
Құстардың даусымен жүректі жылыту.
Мен содан, ғашық боп ақ қанат өлеңге,
Жанымды кір менен күнәдан тазалап,
Беймәлім әлем бар, мекен бар дегенге,
Сендім мен, сенудің ләззаты ғажап-ақ!..
Сырласып құстардай далалық «әншімен»,
Арылғам бір сәтке өмірлік сұрақтан.
Кенеттен, айбынды еркектің даусы мен,
Әйелдің күлкісі естілді жырақтан.
Еркектің дауысы — есерсоқ, тым қатты,
Әуелдің әдемі үнінен басқаша.
Тыныдым ішімнен бақытсыз бұл «бақты»,
Күрмеулі жұмбақпен жатқан бір астаса.
Таныдым ішімнен, тек үнсіз қалдым да,
Ешкімге сырымды ешқашан ашпадым.
Көкжиек секілді малынып жан мұңға,
Тағы бір ғұмырды қайтадан бастадым.
Бұл кеме қалай деп аталған еді, Алла-ай...
«Скрябиннің» кемесі... сол ма еді, шынында?
Отырмын оңаша, өзіме келе алмай,
Құс үнін еске алып, естіген бұрында.
Окада жүзудің бақыты бұйырды,
Қараңғы түндерде аппақ бір кемемен.
Кеудеме ып-ыстық ақ «әуен» құйылды,
Бейкүнә бозторғай көкке ұшып денеден.
Бұрында сезбеген, көрмеген, білмеген,
Бұл сәтті ендігі мүмкін бе ұмыту?
Шын өмір — мәңгілік жан рухы бүрлеген,
Құстардың даусымен жүректі жылыту.
Мен содан, ғашық боп ақ қанат өлеңге,
Жанымды кір менен күнәдан тазалап,
Беймәлім әлем бар, мекен бар дегенге,
Сендім мен, сенудің ләззаты ғажап-ақ!..
Сырласып құстардай далалық «әншімен»,
Арылғам бір сәтке өмірлік сұрақтан.
Кенеттен, айбынды еркектің даусы мен,
Әйелдің күлкісі естілді жырақтан.
Еркектің дауысы — есерсоқ, тым қатты,
Әуелдің әдемі үнінен басқаша.
Тыныдым ішімнен бақытсыз бұл «бақты»,
Күрмеулі жұмбақпен жатқан бір астаса.
Таныдым ішімнен, тек үнсіз қалдым да,
Ешкімге сырымды ешқашан ашпадым.
Көкжиек секілді малынып жан мұңға,
Тағы бір ғұмырды қайтадан бастадым.
Бұл кеме қалай деп аталған еді, Алла-ай...
«Скрябиннің» кемесі... сол ма еді, шынында?
Отырмын оңаша, өзіме келе алмай,
Құс үнін еске алып, естіген бұрында.





