Түрлену

Көк астында өткір көзім,
Бір мезетте болып, шіркін,
Орнитолог та, құс та өзім,

Апақ-сапақта таң атып қалған,
Ұялар арасынан көрші шатырдағы,
Алқызыл түске боянып алған,
Жалғызсыраған әйнек көрген ем,
Қарама қарсы терезедегі,
Париждік лирика тұнған бөлмеден.

Кафелер тысқа дастархан жаяр,
рәмізге бола демесем, егер.
Бір шыны кофе мен круассан алуға,
Кез келген мопассаның шамасы жетер.

Алғашқы қара торғайдай, бізге
Ұшу керек қой,
                         суық бірақ та,
Ол болса үнсіз көз салып көшке,
Енгізер бізді Қызыл кітапқа.