Күн астында төрт сағаттай...
* * *
Күн астында төрт сағаттай
Көндіре алмай, саудаластым,
Ескі қала, соқыр араб,
Күміс бұйым уағдаластым:
Левиафан, арыстан бар, Дәуіт патша арфа ойнаған,
Кіп-кішкентай жүрек бейне құдіретке кім бойлаған?
Сақинада құпия өрнек, қоңырау бар, сынбаған көз,
Қарасаң да көз тоймаған.
Бір жылаңқы бар қуыршақ,
Шыр-шыр етіп тоқтамайтын,
Кішігірім сыйлық алдым,
Жасырамын, тоқта, айтқын:
«Қолымда не, таңдау жаса, дәл табасың, үндемейсің?
10 жыл болды, алыстасың
Риза болсаң, сол бақыт қой,
Сен аман бол, бек білгейсің...
Тек қуанып күлсең болды,
Тек ұмытпай жүрсең болды,
Аман ғой деп білсем болды,
Тек кешірсең, қысып қолды...
Соңғы сәтте сол өтініш...
Күн астында төрт сағаттай
Көндіре алмай, саудаластым,
Ескі қала, соқыр араб,
Күміс бұйым уағдаластым:
Левиафан, арыстан бар, Дәуіт патша арфа ойнаған,
Кіп-кішкентай жүрек бейне құдіретке кім бойлаған?
Сақинада құпия өрнек, қоңырау бар, сынбаған көз,
Қарасаң да көз тоймаған.
Бір жылаңқы бар қуыршақ,
Шыр-шыр етіп тоқтамайтын,
Кішігірім сыйлық алдым,
Жасырамын, тоқта, айтқын:
«Қолымда не, таңдау жаса, дәл табасың, үндемейсің?
10 жыл болды, алыстасың
Риза болсаң, сол бақыт қой,
Сен аман бол, бек білгейсің...
Тек қуанып күлсең болды,
Тек ұмытпай жүрсең болды,
Аман ғой деп білсем болды,
Тек кешірсең, қысып қолды...
Соңғы сәтте сол өтініш...





