Үйеңкінің жапырағы ырғалып...

* * *

Үйеңкінің жапырағы ырғалып,
Терезеге кірмей, ұшты тұтылып.
Жерге түсіп кетті, содан жоғалып,
Ғайыпқа енген сөздер сынды жұтылып.

Физалистің шоқтығы қар астында,
Сыр тартқандай шалғайдағы жағадан.
Бірақ анау шымшық та, зымыран да,
Екеуі де бір ауылдан тараған.

Кеш құрсаған көшесінен кенттердің,
боқтық сөздер естіліп қап тұрады.
Ең аяулы жаратылыс уақыттың,
Ықпалымен тым өзгеріп барады.

Жарық жолға шақырады жүрегім,
Жапырақты соқпақтары сағымдай.
Он жыл бұрын
                          өлген Подольскіде...
Похлебкинді өлтіргендер табылмай.