Көрдің бе сап-сары араның...

* * *

Көрдің бе сап-сары араның,
Уілі көктемді тербеген.
Бойжеткен — аспанды армандап,
Бозбала — әскерді көрмеген.

Екеуміз келеміз жер үсті,
Көшкіннің дүниауи арнасы.
Атыңды жазамын әйнекке,
Есімің — сезімнің жалғасы.

Қолыңа қарасам, сан жылдар,
Сан түстер көрініп көзіңнен.
Сыйлашы көмескі бейнеңді,
Сыйлашы естегі сөзіңнен.

Аралар, бақшада қыдырдың,
Келе ме жақсыны естігің?
Мен сені мәңгіге ұрлаймын,
Есіңде қалмастай ешкімің.

Жайып ап қанатты екеуміз,
Қалықтап, қорқуды білмеспіз.
Сен сонда түсініп барлығын,
Әлі де бос өмір сүрмеспіз!