Күйе-Күйе!..
* * *
— Күйе-Күйе!
Ол су үсті арбада тізерлеп тұрып өзенге сариды алаңсыз,
көпірдің тұсы, көбіктенген сол құбырға қарсы — жанарсыз
және моншаның лас, сабын суы, шіркеу тұр ол да қараусыз...
Жарыла қоймаған және бір шіркеу сол жағада өзен суына
сариды ол да амалсыз
және өзім сынды, түсіне алмаймын... тап болдым мұнда қалайша, жүзімді
кезген қуаныш па әлде бақыт па,
ақылсыздық па;
Әжетін өтеп анау тұр осы уақытта,
әдетте табын қайдан өтеді — өзеннен,
ол әлі де тұр шалбарланбастан, ағысқа қарап көзі өлген,
білмейді ол әрі не істеу керегін сондықтан қарап әлі тұр,
қос арбаны ұстап бір нәрсе дейді шіркін кеп,
тағы сөйлейді, жалғыз-ақ бірақ нәрсе естіледі күңкілдеп:
Күйе-Күйе!!!
Бұл не болғаны? Алғыс па әлде қарғыс па?
Ылғи көктемде,
көпірлі темір жол үстін шарпып күн күркіреп бір өткенде —
сол дауыс «Күйе» — ауа қарману,
бос арба сүйреп — жоқ бейне, —
пайда боп үрген иттер даусынан,
қазыналық сұр баскиім мен
қызыл кебісін өзі желімдеп шамасы кепті реттеуге,
барады ол міне қағып-соғып һәм бөтендей мына жат елге,
көрген кәрілер шоқынып жатыр артынан қалып өтерде.
Ал, ерлер айқай салады: — өт, өт, ақымақ, әлде Андреев пе керегі? —
Арбасын сүйреп жоғалады ол, пайда болғанындай — кетерде,
ізінде қалған тек иттің даусы шабаланып құр бекерге...
Адам неге пайда болды?
Тағдырың қос дөңгелекпен қалай, неге айналды?!
Мерекелер жылайды,
бақытсыздық жалған күліп шыдайды,
Һәм орынды қуана алмас, көз көрді:
Оркестрмен жас қабірге көппен қалай барғанын,
үнсіз күлген қызыл иек тіссіз
ауыз қарық боп бір қалғанын,
қара міне, кішкентай бір қара Күйе, түгі жоқ,
ешкім білмес қайдан келді және қайда бармағын.
Бере гөрме,
Андреевке берме мені — деді анам өлерінде,
ал, көздері содан аумай кетті, көрдім, сөнерінде...
Жақында кездейсоқ
мен осында көшіп келдім. Жалғыз қабатты ескі үй,
патша салмаған, даладағы елді мекендегі
барақтар деуге болады,
бірақ, кісілер үйшік төбелері мен
қанатында отырды, бәрі әлденеден сұрланып кеткен,
бір-бірімен сөйлеспейді, құстар сияқты үрпиіскен,
таусылған, бұлттардан дала төсіне құлаған...
бірақ мен үшін бұлар біртүрлі емес,
үй-баспана және тұрғындар да,
меніңше, мен өзім сонда болған сияқтымын,
еденіне дейін іштей сеземін,
қара жез тұтқасына дейін,
айқай мен хлор һәм зәр иісі,
дәлізді қыдырған өкпек жел,
есікті қағады: кіре ғой, кіре ғой...
Күркіреген күн емес көпірдегі,
Күйе-Күйе ол қаз қуған — көпірмелі,
арбасының шаңдағы сіңіп кетіп,
дүниеге жалғанның бетіндегі...
Құпиясы қып-қызыл шетінде өлі...
Не дегісі келеді екен? Меніңше,
жарты ғасырдан соң таң атқанда оянып,
өң мен түсті шатастырған ғой анық...
Сол лас суда тұрған жанды көремін,
сұрақ қойсам: «ол кім, бұл не?», жауап жоқ,
«ештеңенің» жауабы жоқ, себебі...
Ех, біздің безгелдек, ешбір жер мен елде жоқ —
Иордан, Флегетон, Лета Һәм Вохна
аяғы астында... білмеймін... Күйе-Күйе.