Дымқыл тартқан бенгал шамы алаулап жанып бітіп...

* * *

Дымқыл тартқан бенгал шамы алаулап жанып бітіп,
сөнген шырпы, шөп-дәрі, қоршаған жан-жағыңды,
ғарыш кеңістігіне қарайсың, қара құрдым ішінен жарық күтіп,
байқаусыз Құдай тауып алғаныңды

аңғармайсың,
ешқайда айғай салып, сезінбей қанатыңды
қырық жамау, о, Құдай, бұл Жүректе
умаж-умаж, шимай-шимай қара түн-ді,
дәргейіңе ал, ішіне сүңгіп өт те!