Батискаф
Бейне пейзаж терезенің ар жағы,
Жырға айналар ақындардың бар заңы.
Көз тартатын көрініске қарашы,
Жып-жылы екен сұр бұлттардың арасы.
Ұстап тұрмын елес болған өзіңді...
Бірақ қалай ұстар екем сезімді?
Сыбызғыда ойнады да сәл күле,
Адамдарды орады жел шәрпіге.
«Жаңбыр жауды» бағынды да әмірге,
Қиын боп па шын суретші Кәмілге?!
Суретінде тоған-дағы болса екен,
Өсетұғын түйежапырақ, жолжелкен.
Бірін-бірі бұлттар таптап өткендей,
Елес тағы көзден ұшып кеткендей.
Пәтерімде жалғыз отыр екенмін,
Қорықпаймын, керек емес бөтен мұң!
Көлеңке кең жая түсті қанатын,
Қорқынышты емес тіпті қара түн.
Қауіпті емес найзағайлы түсің де,
Батискафым — өлеңімнің ішінде!
Жырға айналар ақындардың бар заңы.
Көз тартатын көрініске қарашы,
Жып-жылы екен сұр бұлттардың арасы.
Ұстап тұрмын елес болған өзіңді...
Бірақ қалай ұстар екем сезімді?
Сыбызғыда ойнады да сәл күле,
Адамдарды орады жел шәрпіге.
«Жаңбыр жауды» бағынды да әмірге,
Қиын боп па шын суретші Кәмілге?!
Суретінде тоған-дағы болса екен,
Өсетұғын түйежапырақ, жолжелкен.
Бірін-бірі бұлттар таптап өткендей,
Елес тағы көзден ұшып кеткендей.
Пәтерімде жалғыз отыр екенмін,
Қорықпаймын, керек емес бөтен мұң!
Көлеңке кең жая түсті қанатын,
Қорқынышты емес тіпті қара түн.
Қауіпті емес найзағайлы түсің де,
Батискафым — өлеңімнің ішінде!





