Қыс
Ыстық шай ішетін күндер-ай!..
Ішіне тәп-тәтті бал қосып.
Ұрлана құлағын түрген Ай,
Қыс жайлы сөйлеуде Жер-бесік.
Терезе сыртында — ақ тұзақ,
«Қаңтар» кеп ызғарын сездірді.
Жарыма айтатын жалғыз-ақ,
Алқымда «Қыс» деген сөз тұрды.
Терезе қырауы тым сұлу,
Сурет қой, әйелім сияқты.
Жүректе бар соған құлшыну,
Кеудемнен бір жұмбақ күй ақты.
Бір әнді сызылтып бастады,
Қайран қап тыңдадым үндемей.
Сол әнде «ақпанды» қоштады,
Нәп-нәзік үлпілдеп бұл көмей.
«Шатырдан тамшылар тырсылдап,
Құлады, қарашы...» деді жар.
Басылды, әуенде бір сыр қап,
Айта алмай қалам-ау оны дәл.
О, жарым, не деймін мен саған?!
Сұлусың, көзіңе жұққан у.
Көңілім болса да қанша алаң,
Сезімнен бола ма құтқару?..
Соңында шайымды ішем де,
Қайтадан отырам маң қарап.
Айналып барады түс өңге,
Ерінім бір сөзді қайталап.
Ішіне тәп-тәтті бал қосып.
Ұрлана құлағын түрген Ай,
Қыс жайлы сөйлеуде Жер-бесік.
Терезе сыртында — ақ тұзақ,
«Қаңтар» кеп ызғарын сездірді.
Жарыма айтатын жалғыз-ақ,
Алқымда «Қыс» деген сөз тұрды.
Терезе қырауы тым сұлу,
Сурет қой, әйелім сияқты.
Жүректе бар соған құлшыну,
Кеудемнен бір жұмбақ күй ақты.
Бір әнді сызылтып бастады,
Қайран қап тыңдадым үндемей.
Сол әнде «ақпанды» қоштады,
Нәп-нәзік үлпілдеп бұл көмей.
«Шатырдан тамшылар тырсылдап,
Құлады, қарашы...» деді жар.
Басылды, әуенде бір сыр қап,
Айта алмай қалам-ау оны дәл.
О, жарым, не деймін мен саған?!
Сұлусың, көзіңе жұққан у.
Көңілім болса да қанша алаң,
Сезімнен бола ма құтқару?..
Соңында шайымды ішем де,
Қайтадан отырам маң қарап.
Айналып барады түс өңге,
Ерінім бір сөзді қайталап.





