Туған тілім, сен менен жырақ кетші...

* * *

Туған тілім, сен менен жырақ кетші,
алыс кетші, жаныма жақындама.
Қорқытасың өртіңмен сынап кеп шын,
күйдіретін расымен отың дара.

Осылай біреу азап тартып жатыр,
мәйіттерді өртейтін пеш түбінде.
Сандырақтап әрең ән айтып жатыр:
«Мына маған не болды, естідің бе?!»