Босат деймін, босатшы енді, болдырдым...
* * *
Босат деймін, босатшы енді, болдырдым,
божырадым, босат мені, болбырмын,
босатпайды, сөз ұқпайды, қос қолдап,
лақтырады, ұша ғой деп аспанға,
мәз болады, қолы төмен түспейді,
лақтырады, тағы-тағы ұш дейді,
ұшқандаймын, шөп түкіріп, сайраймын,
босат енді, ұштым ғой деп ойлаймын,
болдырдым ғой, босат енді, ол болса,
қағып алып, лақтырады қонғанша,
лақтырады, айтқаныма көнбейді,
ұша қойшы, бұтақтарға қон дейді,
есім кетіп, екі қолым ербеңдеп,
бұтақтарды қармай алмай, елбеңдеп,
ұшам, ұшам, есалаң деп тілдейді,
«қандай адам, ұшқанын да білмейді!»,
ол шаршады, мен қоймаймын ұшам деп,
көк аспанды құшам деп,
тағы бір рет,
енді өзің ұш,
ұш енді,
келбетіме көз салады құс өңді,
құдайым-ау, тағы да ұшам, жалықпа,
жарайды онда, жүгіріп кеп қалықта.
Босат деймін, босатшы енді, болдырдым,
божырадым, босат мені, болбырмын,
босатпайды, сөз ұқпайды, қос қолдап,
лақтырады, ұша ғой деп аспанға,
мәз болады, қолы төмен түспейді,
лақтырады, тағы-тағы ұш дейді,
ұшқандаймын, шөп түкіріп, сайраймын,
босат енді, ұштым ғой деп ойлаймын,
болдырдым ғой, босат енді, ол болса,
қағып алып, лақтырады қонғанша,
лақтырады, айтқаныма көнбейді,
ұша қойшы, бұтақтарға қон дейді,
есім кетіп, екі қолым ербеңдеп,
бұтақтарды қармай алмай, елбеңдеп,
ұшам, ұшам, есалаң деп тілдейді,
«қандай адам, ұшқанын да білмейді!»,
ол шаршады, мен қоймаймын ұшам деп,
көк аспанды құшам деп,
тағы бір рет,
енді өзің ұш,
ұш енді,
келбетіме көз салады құс өңді,
құдайым-ау, тағы да ұшам, жалықпа,
жарайды онда, жүгіріп кеп қалықта.





