Тыныштық жанға өзіңдей...
* * *
1
Тыныштық жанға өзіңдей
Ұя салады нұрымен
Тамшы дірілдеп көзімдей
Назын айтады сырымен
Секілдімін бір құр елес
Ізім бар да өзім жоқ
Тамшы дірілі мұң емес
Өтірік Жалған Сөзім жоқ
Жер жүзі Арал бетінде
Тірсегім қанап аттасам
Тамырда тулап етімде
Қанымды қысып жатпасам
Лаулаған оттай қызыл қан
Жанымды мынау илейді
Ағыстан бөгет бұзылған
Ажалға басын имейді
Өлімге сонда таң қалып
Ыстығы қайтпас арқырап
Қарлығаштардай жан бағып
Қауырсындай қалтырап
Осындай ыстық ноқатпен
Көз көрмес тұйық түтінде
Қираған қапас ұшақпен
Билейді ажал өтінде
Естілмей қоңырау сыңғыры
Сонда да шырқар бір әнді
Испандықтардың кіл мұңы
Қараңғы жарық тұманды
Әуенің жолы жолағы
Армандар үйі екен ғой
2
Қар жауды бүгін оған дауыл қосылды
Көзді байлап арттым жолға қосымды
Адаспадым жылдар бойы шамшырақ
Жалған іздер өрге сүйреп басымды
Бақытсыздық сазы неге сарнайды
Шарасыз жер соңғы рет тал қармайды
Бейтаныстың атын алған бейбақтың
Қандықолдың қаруы алыс бармайды
Дауыл боран көрінбейді ештеңе
Бірақ менің күнім түнім кеш неге
Тыныштықтың қабырғасын тілгілеп,
Сен кестеле, кестеле!
1
Тыныштық жанға өзіңдей
Ұя салады нұрымен
Тамшы дірілдеп көзімдей
Назын айтады сырымен
Секілдімін бір құр елес
Ізім бар да өзім жоқ
Тамшы дірілі мұң емес
Өтірік Жалған Сөзім жоқ
Жер жүзі Арал бетінде
Тірсегім қанап аттасам
Тамырда тулап етімде
Қанымды қысып жатпасам
Лаулаған оттай қызыл қан
Жанымды мынау илейді
Ағыстан бөгет бұзылған
Ажалға басын имейді
Өлімге сонда таң қалып
Ыстығы қайтпас арқырап
Қарлығаштардай жан бағып
Қауырсындай қалтырап
Осындай ыстық ноқатпен
Көз көрмес тұйық түтінде
Қираған қапас ұшақпен
Билейді ажал өтінде
Естілмей қоңырау сыңғыры
Сонда да шырқар бір әнді
Испандықтардың кіл мұңы
Қараңғы жарық тұманды
Әуенің жолы жолағы
Армандар үйі екен ғой
2
Қар жауды бүгін оған дауыл қосылды
Көзді байлап арттым жолға қосымды
Адаспадым жылдар бойы шамшырақ
Жалған іздер өрге сүйреп басымды
Бақытсыздық сазы неге сарнайды
Шарасыз жер соңғы рет тал қармайды
Бейтаныстың атын алған бейбақтың
Қандықолдың қаруы алыс бармайды
Дауыл боран көрінбейді ештеңе
Бірақ менің күнім түнім кеш неге
Тыныштықтың қабырғасын тілгілеп,
Сен кестеле, кестеле!




