Тимошкино... Боранды сен тездеп көр...

* * *

                                         Евгений Рейнге

Тимошкино... Боранды сен тездеп көр,
Қар сыпырып жүр әнеки, өзбектер.
Красногорск... Желден жандар жыр ұғар,
Анық, желде сыбызғының үні бар.

Ресей жалғыз елегізуде, түсінем,
Жақсы емес деп күбірлеймін ішімнен.
Қыстағы қар — көбелектер таза тым,
Точка.ru-ға ешкім де жоқ жазатын.

Қолда емес, қысқарта алман кісі сап,
Бара жатыр тым қаһарлы қыс ұзап.
Жадымызда көп сұрақтар жаңғырар,
Мәңгі өмір мен өлім естен тандырар...

Кешке өмір қақпалары ашылды,
Еске салып жылдам ұшқан ғасырды.
Әлемдегі жарықтардың жоқ бәрі,
Қараңғыда саундтрек те тоқтады.

Өмір ылғи бұрылыста толастар,
Ақын жазған жырларымен жол бастар.
Түс көруді періштелер қолдаған,
Маған көктің поштасымен жолдаған.