Менікі өмір ме, қайыңның жіптері...

* * *
Менікі өмір ме, қайыңның жіптері,
Созылған жамылғы жараса күнмен.
Мен бұл топыраққа күнәммен байландым,
Түкке тұрмайтын болашағыммен.

Шарасыз алақан құрғап барады,
Тағдырды сызып тастаған бұрын.
Аждаһа өлімнің қауызы қалады,
Ол бізге керек пасхадан бұрын.

Махаббат— сезім, уайымнан ұлы,
Сосын құбылыс көрмес көппенен.
Мұрынды жарып қайың қабығы,
Сөлі тамады жалғыз шекпенен.

Алыста паравоз түтінді аңсады,
Беторамалмен отты бөледі.
Әлемнің қозғалып жұтынған шағы,
Естиміз даусын, көп те көреді.

Ең алыс жұлдыз дара күледі,
Милион жылды біз етіп құрбан.
Түсіме менің қала кіреді,
Қайыңдар жауып күзетіп тұрған.

Алақан жұмған қап-қара түнек,
Тағдыры-біреу, күнтізбе қате.
Түрме мен сұмдық сандырақтама,
Берген антыңды сақта да күнелт!.